«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитордың ассистенті
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қарағанды облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Бухгалтерлік есеп және аудит саласында кәсіби білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік аудит жүргізуге қатысуға. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабында көзделген құжаттарды қоспағанда, аудит барысында құжаттарды жасауға және оларға қол қоюға. Құзыреті шегінде аудит объектілерінің бюджетке өтеуді қамтамасыз етуі, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту арқылы қалпына келтіру бойынша қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысуға. Бөлімнің қызметіне қатысты бөлігінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шаралары бойынша материалдарға талдау және жинақтау жүргізуге. Құқық қорғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті өзге де органдарға берілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтар (қылмыстар) белгілері және әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайларда құқық қорғау және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті өзге де органдарға жіберуге. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға. Мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу барысында құжаттама мен ақпаратты пайдалану кезінде құпиялылық, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимін сақтауға. Аудит құжаттамасын, материалдарын сақтау режимін және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын мұрағат қатапсыру мерзімдерін сақтауға. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауға. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымды адамдарына) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге. Мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын тиісті құжаттарды тек мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге. Бөлім қызметіне қатысты талдамалы материалдарды, соның ішінде есептер, ақпараттар және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуға. Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының материалдарын Тексеру комиссиясының ведомстволық мұрағатына беруді жүзеге асыруға. Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесіне, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға аудит материалдарын мен ақпараты енгізуді жүзеге асыруға.
Функционалдық блок "А"
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz
- Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8(7212) 42-14-54