«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы (уақытша 2025 жылғы 15 тамыз аралығына негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқықылы).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен мекемелерге ұсынылатын ақпаратты дайындауға қатысуға. Бөлімнің қызметіне қатысты талдамалық материалдарды, оның ішінде есептерді, ақпараттарды және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуға. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға ақпарат пен құжаттарды қалыптастыру, енгізу, жолдау бойынша жұмыс жүргізуге. Бөлім құзыреті шеңберінде Тексеру комиссиясының интернет - ресурсында ақпарат пен құжаттарды қалыптастыру және орналастыру бойынша жұмыс жүргізуге. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпаратты аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуын есепке алу бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына дайындауды қамтамасыз етуге. Аудандар мен қалалардың бюджеттеріне қатысты тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы бағалауды жүзеге асыруге. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында, Тексеру комиссиясының Регламентінде және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен келісу және бекіту жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының талаптарына, Тексеру комиссиясының Регламентіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен (егер қаржыландыру көзі республикалық бюджет қаражаты болып табылған жағдайда), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен өзгерістерді келісу жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің нормативін есептеуді жүзеге асыруға. Тексеру комиссиясының төрағасын тоқсан сайынғы негізде хабардар ете отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесінің орындалуына мониторингті жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік аудит объектілері тізбелерінің өзгерістеріне мониторингті жүзеге асыруға. Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыстар өткізудің жылдық жоспарын қалыптастыруға (өзгерістер енгізуге). Аудандар мен қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің жергілікті бюджеттеріне қатысты (аудандар мен қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің: Саран, Шахтинск, Бұқар -Жырау және Нұра аудандарының жергілікті бюджеттерінің атқарылуы бойынша есептер (қорытындылар) жазуды кейінгі бағалауды жүзеге асыруға. Аудандар мен қалалардың жергілікті бюджеттерінің атқарылуына талдау және мониторинг жүргізуге. Аудандар мен қалалардың жергілікті бюджеттерін кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін мәліметтер қалыптастыруға. Есепті кезеңде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және ішкі аудит қызметінің аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат дайындау бойынша жұмыс жүргізуге. Ағымдағы және кейінгі бағалаулар мен сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың мониторингін жүзеге асыруға. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілері бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінде мәліметтер қалыптастыруға, оның ішінде жүзеге асыруға: алдын ала кезеңді (қаржылық, бюджеттік, бухгалтерлік есептіліктен тәуекелдерді бағалауды жүргізу үшін ақпарат жинауды, мемлекеттік аудит объектілерінен және басқа да көздерден алынған мәліметтер базасын жүйелеу және қалыптастыруға); негізгі кезең (тәуекелдерді және оларды іріктеу өлшемшарттарын сәйкестендіру; сапалық және сандық әдістер негізінде тәуекелдерді бағалау; тәуекел дәрежелері бойынша бақылау объектілері мен объектілерін саралай отырып, тәуекелдердің тізілімін және жиынтық тізілімін қалыптастыруға); қорытынды кезең. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесі мен үйлестіру кеңесінің кіші комитеті шешімдерінің орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ақпаратты дайындауды және жіберуді, мониторингтеуді жүзеге асыруға.

Функционалдық блок "А"

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2024 – 13.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 42-14-54