«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы (уақытша 2024 жылғы 31 қаңтар аралығына негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқықылы)
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қарағанды облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шараларына қатысады; Тексеру комиссиясы жұмысының ағымдық және алғышартты жоспарларын іске асыруға қатысады; бөлімнің қызметіне қатысты бөлігінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шаралары бойынша материалдардың жинағын және анализін өткізу; заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын құрастырады. Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық (қылмыс) белгілері және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті өзге де органдарға беру жөнінде шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
функционалдық блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8(7212) 42-14-54