«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша баспасөз релизі

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша баспасөз релизі

 

2026 жылғы 27 қазанда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды, оған жалпы сомасы 3 588 598,4 мың теңгеге Қазақстан Республикасының салалық заңнамасын бұзу анықталды, оның ішінде:

– бюджетке өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар-311 482,3 мың теңге, қалпына келтіру-100 393,1 мың теңге.

- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 3 176 723,0 мың теңге.

Рәсімдерді орындау тәртібінің 2 процедуралық бұзылуы және 1 кемшілік анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан қаржылық бақылау шараларымен бюджетке 311 482,3 мың теңге өтелуге және 100 393,1 мың теңге қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 4 448,2 мың теңге өтелді, 3 712,8 мың теңге қалпына келтірілді. Өтелмеген қаражаттың қалдығы 307 034,1 мың теңгені және қалпына келтірілмеген 96 680,3 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу және «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметінде кемшілік анықталды.

Аудит қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.