Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы баспасөз релизі 2026 жылғы 03 қыркүйекте Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы баспасөз релизі
2026 жылғы 03 қыркүйекте Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиында Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының салалық заңнамаларын бұзудың жалпы сомасы 58 677,3 мың теңге анықталды, оның ішінде:
- бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар - 51 105,2 мың теңге,
- бюджеттің тікелей шығындары 7 572,1 мың теңге.
Рәсімдерді орындау тәртібін бұзу бойынша 4 жағдай анықталды, 3 кемшілік және 1 жүйелік кемшілік белгіленді.
Қаржылық бақылау шараларының нәтижесінде бюджетке 7 710,6 мың теңге түсім қамтамасыз етілді. Бюджетке түсуге жататын қалдық 43 394,6 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ мен «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының бұзылғаны анықталды, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық - келісімшарттардың шарттары және жер учаскелерін жалға алу шарттарын орындауға бақылауды ұйымдастырудың кемшіліктерінде анықталды, нәтижесінде бюджеттің толық түсімдері қамтамасыз етілмеді.
Аудит қорытындыларын қарау нәтижесінде аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.