Пресс-релиз Қарағанды облыстық мәслихатының аппаратына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша
Пресс-релиз
Қарағанды облыстық мәслихатының аппаратына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша
2026 жылғы 2 шілдеде Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста Қарағанды облыстық мәслихатының аппаратына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.
-Аудитпен жалпы сомасы 985,3 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзу анықталды, оның ішінде:
- 912,9 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар,
- 72,4 мың теңге сомасына ықтимал шығындар мен жоғалған пайда. Мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде заңнаманы рәсімдік бұзудың 3 фактісі анықталды.
Қаржылық бақылау шараларымен бюджетке – 243,3 мың теңге өтеу қамтамасыз етілді, бухгалтерлік есеп бойынша – 669,6 мың теңге қалпына келтірілді.
Лауазымды адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдары қарау және ден қою шараларын қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға берілді.