Пресс-релиз дөңгелек үстел қорытындысы бойынша

Пресс-релиз дөңгелек үстел қорытындысы бойынша
2026 жылғы 21 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібі аясында бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды. 2027 жылдан бастап жаңа Шоғырландыру қағидалары күшіне енетіні, оған сәйкес шоғырландыру периметріне ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері де енгізілетіні жеке атап өтілді. Осыған байланысты олардың есепке алу жүйелерінің дайындығын қазірден бастап қамтамасыз ету қажет.
Сондай-ақ салықтар мен міндетті төлемдердің уақтылы төленуін бақылау, дебиторлық және кредиторлық берешекті, ұзақ мерзімді активтерді есепке алу, қаржылық есептілікті дайындау және онда көрсетілетін деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұл ретте салық органдарымен және басқа да контрагенттермен өзара есеп айырысуларды жүйелі түрде салыстырып тексеру қажеттігіне назар аударылды.
Қатысушыларға есептілікті шоғырландыру мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру және заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар қаралды.
Көтерілген тақырыптың маңыздылығын атап өте отырып, қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарын сақтай отырып қалыптастыру қажеттігіне назар аударылды. Сауатты жүргізілген есеп – кез келген ұйымның табысты қызметінің негізі.
Мемлекеттік аудит объектілеріне берілген нұсқамаларда қамтылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының экономика және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы баяндама жасады.
Уақтылы қалыптастырылған және шынайы қаржылық есептілік ақша ағындарын басқару қабілетін объективті бағалауға, қызмет тұрақтылығын сақтауға және ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел соңында «сұрақ-жауап» форматында интерактивті пікір алмасу өткізіліп, күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша жан-жақты әрі конструктивті пікір алмасу болды.
Қатысушылар тарапынан дөңгелек үстел тақырыбына үлкен қызығушылық танытылды. Олар талқыланған мәселелердің практикалық маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, заңнамадағы өзгерістерді құзыретті түрде талқылауға, өз ұсыныстарын айтуға және қызықтырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік беретін осындай кездесулердің пайдалы екенін жеткізді.

