Баспасөз хабарламасы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша
2026 жылғы 14 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Мемлекеттік аудитпен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ шоғырландырылған қаржылық есептілігі және басқарманың өзінің жеке қаржылық есептілігі, сондай-ақ оған ведомстволық бағынысты 4 мекеменің қаржылық есептілігі қамтылды: «Қайрат» ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Теміртау қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Нұра ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ және «Осакаров ауданы Молодежный кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ.
Аудит қорытындылары бойынша көрсетілген барлық қаржылық есептіліктерге қатысты ескертумен пікір білдірілді.
Анықталған бұрмалаушылықтардың жалпы сомасы 1 542 286,3 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджетке түсуге жататыны – 3 066,2 мың теңге, бюджет кірісіне өтелуге жататыны – 43 915,8 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуге жататыны – 1 461 436,4 мың теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 33 867,9 мың теңге.
Негізгі бұзушылықтар ретінде жүйелі кемшіліктер атап өтілді: жер учаскелері мен негізгі құралдардың есепте танылмауы; активтердің (негізгі құралдар, қорлар, аяқталмаған құрылыс) дұрыс сыныпталмауы; дебиторлық және кредиторлық берешектің, бюджетпен есеп айырысулардың, салықтар мен міндетті әлеуметтік төлемдердің дұрыс көрсетілмеуі; қаржылық инвестицияларды, акцияларды сатудан түскен кірістерді және қайта ұйымдастыру кезіндегі операцияларды есепке алудың бұрмалануы; есептілікті шоғырландыру және ұсыну тәртібінің бұзылуы; ішкі бақылаудың әлсіздігі.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 7 факт бойынша материалдар тиісті ықпал ету шараларын қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Мемлекеттік аудиттің үш объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау жөнінде нұсқамалар жолданды.
Заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша Қарағанды облыстық мәслихатына ұсыныстар енгізілді.