Артқа

Мұрсәлимов Заур Маратұлы

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

1983 жылы 29 қыркүйекте Қарағанды облысында дүниеге келген, үш жоғары білімі бар: заң, экономикалық және заңтану магистрі академиялық дәрежесі.

Мансап

Еңбек жолын әділет органдарында 2004 жылы бастаған. 2011 жылдың қазан айында Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясына ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды.

 2017 жылғы 24 наурызда Өңірлік аттестаттау комиссиясының шешімімен жоғары лауазымға ұсынылып және сол жылдың желтоқсанында тексеру комиссиясы аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекеттік аудитордың және жоғары санатты мемлекеттік аудитордың сертификаттарымен, сондай-ақ CIPFA Publik Auditor (Ұлыбритания) халықаралық сертификат иесі. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының ведомстволық наградалармен:

- «Қаржы сақшысы» медалімен;

- II дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау үздігі» төсбелгісімен;

- «Қаржылық бақылау саласының табысты қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Жаңарту күні: