Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінде баға белгілеу

Уәкілетті орган бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылауды:

  • электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;
  • электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықтар жүргізуге, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуға дайындығын қамтамасыз ету;
  • тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;
  • мыналарды:
  • теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;
  • Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
  • контейнерлерде, контрейлерлік жөнелтілімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингілік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында жүзеге асырады.

Осылайша, түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясының бағасы станцияның босату бағасына, электр энергиясын беру мен тарату тарифтеріне (өңіраралық және өңірлік желілер бойынша) және энергиямен жабдықтаушы ұйымның жабдықтау үстемесіне сүйене отырып қалыптастырылады.

Түпкілікті тұтынушы үшін газға бөлшек баға тауарлық газға көтерме шекті бағаны, газ тарату желілері арқылы газ тасымалдау тарифтерін және жабдықтау үстемесін негізге ала отырып қалыптастырылады.

Темір жол көлігінің қызметтері (темір жол тарифі) 4 құрамнан тұрады:

  • магистральдық темір жол желілері қызметтерінің тарифі (табиғи монополия саласына жатады);
  • локомотивтік тартқыш қызметінің құны (қоғамдық маңызы бар нарықтар саласына жатады);
  • вагондарды беру жөніндегі қызметтің құны (жылжымалы құрамның меншік иелері немесе вагондар операторлары бәсекелестік нарықта көрсетеді және тиісінше бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылмайды);
  • жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің құны (қоғамдық маңызы бар нарықтар саласына жатады).

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібі

Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі (бұдан әрі –ҚМБНС) Қазақстан Республикасы  Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.

Өз кезегінде, ҚМБНС уәкілетті органғам бағаны сараптау шеңберінде құжаттар мен мәліметтерді не осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекті бағаны арттырудың себептерін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, шекті бағаны алдағы уақытта көтеру туралы хабарламаны ұсынады.

Уәкілетті орган бағаға сараптама жүргізеді немесе хабарламаны алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Шекті бағаны қалыптастыру Қағидалардың 3-тарауына сәйкес сараптама жүргізу немесе хабарламаны қарау қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Уәкілетті органның ведомствосы хабарламаны қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.

ҚМБНС алынған хабарлама немесе дәлелді қорытынды негізінде уәкілетті орган айқындаған күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны белгілейді.

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы