
Уәкілетті орган бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылауды:
Осылайша, түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясының бағасы станцияның босату бағасына, электр энергиясын беру мен тарату тарифтеріне (өңіраралық және өңірлік желілер бойынша) және энергиямен жабдықтаушы ұйымның жабдықтау үстемесіне сүйене отырып қалыптастырылады.
Түпкілікті тұтынушы үшін газға бөлшек баға тауарлық газға көтерме шекті бағаны, газ тарату желілері арқылы газ тасымалдау тарифтерін және жабдықтау үстемесін негізге ала отырып қалыптастырылады.
Темір жол көлігінің қызметтері (темір жол тарифі) 4 құрамнан тұрады:
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібі
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі (бұдан әрі –ҚМБНС) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Өз кезегінде, ҚМБНС уәкілетті органғам бағаны сараптау шеңберінде құжаттар мен мәліметтерді не осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекті бағаны арттырудың себептерін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, шекті бағаны алдағы уақытта көтеру туралы хабарламаны ұсынады.
Уәкілетті орган бағаға сараптама жүргізеді немесе хабарламаны алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Шекті бағаны қалыптастыру Қағидалардың 3-тарауына сәйкес сараптама жүргізу немесе хабарламаны қарау қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Уәкілетті органның ведомствосы хабарламаны қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.
ҚМБНС алынған хабарлама немесе дәлелді қорытынды негізінде уәкілетті орган айқындаған күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны белгілейді.