Меню

Страницы

Статья

Тариф белгілеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) негізгі міндеттері:

  • тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі – ТМС) мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
  • табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау;
  • тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • тұтынушылар мен ТМС мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
  • табиғи монополия салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
  • реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.

Бұл міндеттер табиғи монополиялар салаларында тариф белгілеудің мемлекеттік саясатын іске асыру, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің міндеттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.

Комитет жүргізіп отырған тарифтік саясатының негізгі мақсаты негізгі активтерді жаңарту және жаңғырту, энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін табиғи монополиялар салаларына инвестициялар тарту болып табылады.

«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:

  • ТМС мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;
  • тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту;
  • табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау;
  • ТМС жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тариф белгілеу тәртібі

Тарифті белгілеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. ТМС-ның тариф және инвестициялық бағдарламасын бекітуге өтінімін ұсыну;
  2. тарифті бекітуге өтінішті қарау;
  3. тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізу;
  4. тариф бекіту.

Заңға сәйкес ТМС уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті бекітуге арналған өтінімді уәкілетті органның қарауына ұсынады.

Уәкілетті орган  тарифтерді бекіту кезінде табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы басшылыққа алады, оған сәйкес тарифтерге қызмет көрсету кезінде тікелей іске қосылған экономикалық негізделген шығындар ғана енгізіледі.

Бұл ретте, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңғыртуға, қолдауға, негізгі құралдарды қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерді жасауға бағытталған инвестициялық бағдарламаның болуы тарифтерді бекітудің міндетті шарты болып табылады.

Өз кезегінде, ТМС инвестициялық бағдарламаларын уәкілетті орган тиісті салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бекітеді.

Өтінімді қарау кезінде тариф белгілеудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен ТМС өкілдерін шақыра отырып, тұтынушылар алдында жария тыңдаулар өткізіледі.

Әрбір тұтынушы жария тыңдауларға қатысуға құқылы.

Бұл ретте, жария тыңдауларға қатысушы ТМС жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпаратты жариялағаннан кейін:

  • реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметалар мен тарифтердің жобалары;
  • реттеліп көрсетілетін қызметтерге экономикалық негізделген есептермен тарифтердің өсу себептері туралы ақпаратты талап етуге құқылы.

ТМС жария тыңдауларында ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге ұсынылатын тариф деңгейіне егжей-тегжейлі түсінік және негіздеме беруге міндетті.

Сондай-ақ, көпшілік тыңдаулар тұтынушыларға тариф жобасының деңгейі бойынша монополистке қызықтыратын барлық сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, заңнамада ТМС-ның  тұтынушылардың алдында жыл сайынғы есептер көзделген.

Сонымен, ТМС ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында ТМС қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер жүргізуге міндетті.

Тарифтік смета шығындарының баптарын бекітілген мөлшерден 5% - дан астам ауытқыған, тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдаланған, тарифті заңсыз көтерген не инвестициялық бағдарламаны орындамаған жағдайларда уәкілетті орган ТМС үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту жолымен тұтынушыларға ТМС келтірілген шығындарды өтейді.

Тарифтік реттеу әдістері

Тарифтерді қалыптастыру кезінде мынадай тарифтік реттеудің әдістері қолданылады:

1) шығындық;

2) ынталандыру;

3) индекстеу;

4) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті айқындау.

Табиғи монополиялар салаларының ашықтығы мен жариялылығын арттыру мақсатында Комитет тариф құрудың жаңа тәсілдерін енгізді, атап айтқанда «Монополист базасы» сервистік бағдарламалық өнімі арқылы ТМС өтінімдері мен есептерін ұсынудың электрондық нысанына көшті.

Сондай–ақ, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Комитет жағынан Тарифтік саясат жөніндегі кеңес құрылды – бұл табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеу саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу жөніндегі консультативтік кеңесші орган.

Комитет тарифтік реттеудің барлық әлеуметтік маңыздылығын сезінеді, осыған байланысты тарифтік реттеу үрдісінің  ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы