Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тарифообразование

Тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларының мынадай тарифтік реттеу әдістері қолданылады:

      1) шығындық;

      2) ынталандырушы;

      3) индекстеу;

      4) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті айқындау.

Табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісі жиынтығында мынадай шарттары сақталған:

      1) табиғи монополия саласын тарифтік реттеудің тиісті әдісін қолдануға субъектінің экономикалық және технологиялық әзірлігі болған;

      2) субъекті мен тұтынушыларға олар орындай алмайтын міндеттерді жүктеуге жол берілмеген жағдайда қолданылады.

1. Тарифтік реттеудің шығындық әдісін қолдана отырып тарифті қалыптастыру:

      1) экономикалық негізділігін ескеріле отырып, тарифте есепке алынатын шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шектеуді;

      2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдануды;

      3) жылдарға бөле отырып тарифтік сметаны бекітуді;

      4) амортизацияны есепке жазудың тікелей әдісін қолдануды;

      5) Заңның 23-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19242 болып тіркелген) (бұдан әрі – қызметті жүзеге асыру Қағидасы) сәйкес субъектінің сатып алуды жүргізуі;

      6) субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде тартылған активтерінің баланстық немесе қайта бағаланған құнын және осы Қағидаларға сәйкес Табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес есептелген пайда мөлшерлемесін және бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражат көлемін ескере отырып, пайданың жол берілетін деңгейін айқындауды;

      7) инвестициялық бағдарламаны бекітуді;

      8) бекітілген тарифтік смета шығындарының баптарын орындамағаны, амортизациялық аударымдардың және бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін уақытша өтемдік тарифті бекітуді көздейді.

2. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып, тарифті қалыптастыру:

      1) экономикалық негізділігін ескере отырып, тарифте есепке алынатын шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шектеуді;

      2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдануды көздейді.

      Осы тармақшаның күші тарифтік реттеудің шығындық әдісінен тарифтік реттеудің ынталандыру әдісіне өткен жағдайда тарифті бекіту кезінде қолданылады;

      3) бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды айқындауды;

      4) бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін уақытша өтемдік тарифті және бақыланбайтын шығындарды бекітуді;

      5) инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капиталдарға кірістілік нормаларын, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде қолданысқа енгізілген субъект активтерінің баланстық құнын және осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес есептелген пайда ставкасын ескере отырып пайданы айқындау;

      6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін айқындауды;

      7) субъектілер қызметінің тиімділік көрсеткіштерін айқындауды;

      8) амортизацияны есепке жазудың тікелей әдісін қолдануды;

      9) инвестициялық бағдарламаны бекітуді көздейді.

3. Индекстеу әдісін қолдана отырып тарифті қалыптастыру:

      1) осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу тетігіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын деңгейден аспайтын бекітілген тарифті индекстеу жолымен Қуаттылығы аз субъектінің жыл сайынғы тарифті белгілеуі;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері ескеріле отырып, жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей айқындалатын тарифті индекстеу деңгейін қолдануды көздейді.

4. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты, бекітілген инвестициялық бағдарлама негізінде тарифті айқындау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Документы
Бұйрық
19 октября 2026
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суды таратушы желілері арқылы беру, сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» 2026 жылғы 14 қазандағы №63-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бұйрық
19 октября 2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
15.10.2026 жылғы №62-НҚ Бұйрығы "Таразтрансэнерго" МКК жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу қызметтеріне арналған тарифін және тарифтік сметасын бекіту туралы"
Бұйрық
19 октября 2026
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
«Теміржолсу-Қзыл-Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру қызметіне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Тарифы на 01 августа 2021 года
Тариф белгілеу
Медиагалерея
События
09 сентября
ТМРК «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің қызметтері бойынша жария тыңдау өткізеді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы