Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру| ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап газға көтерме бағаның өсуін ескере отырып, 11 газдандырылған өңірдің тұтынушылары үшін ҚҚС-сыз 7 269,63 теңге/1000 м3 мөлшерінде тауарлық газдың түпкілікті бағасын белгіледі (бұрын қолданыстағы баға ҚҚС-сыз 7 154,27 теңге/1000 м3 құрады). Қазіргі уақытта Комитет Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін тауарлық газдың түпкілікті бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізді, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың түпкілікті бағасы ҚҚС-сыз 1,3% - ға немесе 7 269,63-тен 7 171,49 теңге/1000м3-ке дейін (ҚҚС-мен 8 141,99-дан 8 032,07 теңге/1000м3-ке дейін) төмендеді. |
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар қызметтерін көрсеткені үшін тұтынушы жылжымалы құрамның жүруі үшін пайдаланатын кірме жолдың нақты ұзындығы бойынша ақы алуға міндетті (түзету 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді). Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шарттың 5-тармағына сәйкес тармақ пайдаланушы жылжымалы құрамның жүруі үшін пайдаланатын кірме жолдың ұзақтығы көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығы 2020 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді).
Қазақстан Республикасыныкң Азаматтық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес, Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 62-тармағына сәйкес, тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу құралдары бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген тариф бойынша есеп айырысады.
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушыларда ұсынылған қызметтің көлемін коммерциялық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу жолымен анықталады.
Жылумен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке төлем мөлшерін есептеу механизмі Тарифтерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалған.
Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізінде айқындалады.
Ал үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған жағдайда жылу үшін мөлшері төлем есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жергілікті атқарушы орган бекітетін жылумен жабдықтау қызметтеріне тұтыну нормасына және бекітілген тарифке сүйене отырып, есептеу арқылы айқындалады.
Бұл ретте, есепк алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тариф есепке аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары екенін атап өткіміз келеді.
Сонымен қатар, бекітілген тарифтер бойынша және басқа да мәселелер бойынша қосымша ақпараттар алу үшін, қызметті тұтынушыға тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаментіне жүгінуін ұсынамыз (аумақтық Департаменттердің мекен-жайы www.gov.kz/memleket/entities/krem/ сайтында Басты бет - Комитет туралы - Комитеттің құрылымы - аумақтық Департаменттер бөлімінде көрсетілген).
Бүгінгі күні газ және газбен жабдықтау саласындағы тариф пен баға белгілеудің барлық рәсімдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-5 – бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу қоғамдық маңызы бар нарықтар (бұдан әрі-СОЗР) субъектілерінің тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы тауарларына қолданылады.
Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің баға белгілеу тәртібі Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар) айқындалған)
Қағидалардың талаптарына сәйкес тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің түпкілікті бағалары тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларынан, газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен және тауарлық газды өткізуге байланысты шығындардан қалыптасады.
Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңына сәйкес шекті бағалар