Жиі қойылатын сұрақтар

Тарифтік реттеу процесін автоматтандыру және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет 2019 жылғы қаңтардан бастап ТМС және СОЗР өтінімдері мен есептерін "Монополист"базасы ақпараттық жүйесі арқылы қабылдайды. Үшінші тұлғалар үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділік ашық.
Сізді қызықтырған субъектінің өтінімдерін немесе есептерін сілтеме бойынша өтіп көре аласыз https://www.bazamonopolist.gov.kz/
Сондай-ақ, ТМС қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес субъект өзінің интернет-ресурсында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы жылдық және жартыжылдық есептерді орналастырады не өзінің интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына жібереді.