Өрт қауiпсiздiгi – адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттердeн қорғалу жай-күйі
Автотұрақтардың (паркингтердің) көлемдік-жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.
ҚР ЕЖ 3.03-105-2014* «Автомобиль тұрақтары» 4.3.1.6-тармағына сәйкес автотұрақ ғимараттарындағы қызмет көрсетуші және кезекші персоналға арналған қызметтік үй-жайларды (бақылау және кассалық пункттер, диспетчерлік, күзет), санитариялық тораптарды (оның ішінде халықтың аз қозғалатын топтары үшін бейімделген), клиенттердің багажына арналған қойманы, сондай-ақ, қоғамдық телефондар мен жолаушылар лифттері орналастырылуы мүмкін.
Аталған үй-жайлар, біріктірілген инженерлік жүйелердің үй-жайларын қоса алғанда, бір-бірінен және автомобильдерді сақтау үй-жайларынан 1-типті өртке қарсы қалқалармен бөлінуге тиіс.
Анықтама: 1 типті өртке қарсы бөлімдерде EI 45 отқа төзімділік шегі болуы керек (тұтастығы мен жылу оқшаулау қабілетін жоғалту үшін 45 минут).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік нормативтерде паркингтерде металл шкафтарды орнату мүмкіндігі қарастырылмағанын.
Электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру бойынша талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде (бұдан әрі – Мемлекеттік нормативтер) ҚР ҚН 3.03-05-2014 «Автомобиль тұрақтары» және ҚР ЕЖ 3.03-105-2014 «Автомобиль тұрақтары» белгіленген.
ҚР ҚН 3.03-05-2014 5.5.3.1-тармағына сәйкес ашық және жабық типтегі тұрақтарда электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарына арналған зарядтау құрылғыларымен жабдықталған электромобильдер мен қайта зарядталатын гибридті автомобильдердің машина орындары көзделеді.
Жабық автотұрақтарда көрсетілген машина орындарын 1-ші жерасты немесе жертөле қабатынан төмен емес орналастыруға және зарядтау кезінде жарылыс қаупі бар орта қалыптастыруға қабілетті көлемде өрт қауіпті заттарды шығармайтын аккумуляторлары бар автомобильдерді зарядтау үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
ҚР ҚН 3.03-05-2014 5.5.3.2-тармағына сәйкес электромобильдерді және қайта зарядталатын гибридті автомобильдерді зарядтауға арналған жабдығы бар машина орындары автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуға тиіс.
Зарядтау инфрақұрылымы өрт дабылы және автоматты өрт сөндіруді жүйесі іске қосылған кезде токтан ажыратылуы тиіс. Зарядтау инфрақұрылымы өрт автоматикасы жүйелерін ажыратқан кезде автоматты түрде қайта зарядтауға жол бермеуі тиіс.
ҚР ЕЖ 3.03-105-2014 4.3.2.7.4-тармағына сәйкес автомобильдердің жабық тұрақтарында электромобильдерді және қайта зарядталатын гибридті автомобильдерді зарядтауға арналған жабдығы бар машиналары бар үй-жайдың ауданы 1200 м2 аспауға тиіс. Көрсетілген алаңнан асып кеткен жағдайда, электромобильдер мен қайта зарядталатын гибридті автомобильдерді зарядтауға арналған жабдығы бар машина орындары бар үй-жайдың бір бөлігі ауданы 1200 м2 аспайтын жеке өрт сөндіру бөліміне бөлінуі тиіс.
Электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнату кезінде жоғарыда аталған Мемлекеттік нормативтердің талаптарын басшылыққа алу қажет.
Өз кезегінде, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы қызметі туралы» Заңымен (бұдан әрі – «Сәулет туралы» Заң) реттеледі.
«Сәулет туралы» Заңның 8-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру халықтың, аумақтар мен елдi мекендердiң қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөнінде заңдарда белгiленген талаптарды қамтамасыз ету ережелерiне негiзделуге тиiс.Осы талаптарды орындау жөніндегi шаралар мемлекеттiк нормативтермен реттелетiн жобалау құжаттамасында айқындалуы тиiс.
Сондай-ақ, «Сәулет туралы» Заңның 60-бабына сәйкес объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Сондықтан электромобильдерді зарядтау станцияларын орнату жобалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электр зарядтау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар «Электр энергетикасы туралы» Заңда (бұдан әрі – Заң) белгіленгенін қосымша хабарлаймыз.
Заңның 22-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнату мәселесі бойынша электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға (Энергетика министрлігі) және жергілікті атқарушы органға (Астана қаласының әкімдігі) жүгіну ұсынылады.
Ақпарат ретінде: электромобильдердің зарядтау станцияларын орнату үшін азаматтық қорғау органдарынан қандай да бір рұқсат құжаттарын алу талап етілмейді.
Одан бөлек азаматтық қорғау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық қорғау органдары құрылыс саласында бақылау функцияларын жүзеге асырмайды, яғни жер учаскелерін құрылысқа бөлу, жобалық құжаттаманы келісуде, салынып жатқан объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексеру және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі комиссияларда қатыспайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - Одаққа мүше мемлекеттер) аумақтарында өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар ЕАЭО ТР 043/2017 – де белгіленген.
ЕАЭО ТР 043/2017 93-тармағына сәйкес Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға шығарар алдында ЕАЭО ТР 043/2017 қосымшасында көрсетілген өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдары сертификаттау немесе декларациялау нысанында сәйкестікті бағалауға жатады.