Advertisement

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Мамандандырылған базасы" КММ "экономист"бос азаматтық лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: - 159 627 теңгеден 188 048 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бюджеттік өтінімді қалыптастыру және жасау, ұйым жұмысының бағыттары бойынша есеп айырысу, шығыстарды қадағалау, бюджетті пайдалану жөніндегі есеп, құжаттарды ресімдеудің заңдылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, қаржылық қызметті жоспарлау, үнемдеу режимін әзірлеу, қолда бар бюджетті жоспарлауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті қолданыстағы заңнаманы білу; кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтіліне немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімге талаптар қойылмай жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан аз.
Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары" негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге қатысуға жіберілген кандидаттар оны "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Мамандандырылған база" КММ-де құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
Өтініш;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.11.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуға тиіс. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79А. Телефон/факс: 52-40-02. Электрондық мекен-жайы: teroboronakostanay@yandex.ru