Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет

Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет

 

Мен Сарсенбетов Данияр Дүйсенбекұлы, «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет жасаймын. Жұмыс жолымды 2013 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданында Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым. Білім ордасында бес жыл қызмет атқарып, 2018 жылы Аманкелді ауданының

Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйіне басшы болып тағайындалдым. Мәдениет үйінде бір жылға жуық еңбек етіп, 2019 жылдың шілдесінен бастап Федоров ауданына отбасыммен қоныс аудардым. 2019 жылдан бері ауданның мәдениет бөлімінде бас маман және 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап мәдениет бөлімінің басшысы болып тағайындалдым.

Мемлекеттік қызметкер болу қоғам мен мемлекет арасындағы алтын көпір іспеттес. Сол себепті, отбасмда алған тәрбие, рухани мәдениет пен білім және жылдар бойы жинаған тәжірибемді осы салада тиімді қолдануға тырысып келемін.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу адамнан оны саналы тұрғыдан сезінуді, шын ынта-жігерін, ең бастысы – ниетінің тазалығын талап етеді. Ел игілігі үшін адал, риясыз қызмет ететін мемлекеттік қызметші нағыз азамат және Отанды сүюдің үлгісі болатыны сөзсіз.

Әрбір адам өзінің қабілетін мемлекеттік қызметте сынап көруі тиіс деп түсінемен. Осы мақсатта мемлекеттік қызметкер болғаным аздаған арманымның орындалғаны деп білемін.

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
28 марта 2024
Тип

Сейчас читают

24 июля 2026
Информационные сервисы
22 июля 2026
Как проголосовать вне избирательных участков?
16 июля 2026
Места размещения агитационных печатных материалов для политических партий

Социальные медиа

Facebooc
Instagram;Office of the mayor of the Fedorovsky district

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты