Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Міндеттері:

1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын іске асыру, елдегі мемлекеттік, әлеуметтік - экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

Өкілеттіктер:

құқық:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

міндеттері:

1) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;

2)    тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Функциялар:

1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;

3) өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;

4) өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;

5) органдарымен өзара іс - қимыл, жергілікті өзін - өзі басқару;

6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдары жоқ жерлерде нотариаттық іс - әрекеттер жасауды ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау;

9)      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты