Меню

Страницы

Статья

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) туралы ақпарат

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) дегеніміз не? ҮИЖ - бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықты (құрылғыны) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары:
1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (66,8 млн.теңге) 94 086 АЕК-ке (261,4 млн. теңге) дейін ұлғайтылды.

2) 2021 жылы ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 83,3 млн.теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін (2022 жылы 134 184 АЕК-ке дейін). Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет. ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар.

Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.

Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.

ҮИЖ пайдалану үшін не қажет?
Біріншісі - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына мына http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkompon.. сілтеме бойынша кіру және ҮИЖ моделін таңдау.

Екіншісі - ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен байланысу.

Үшіншісі - салық төлеушінің кабинетіне кіріп, ҮИЖ-ді Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу (иллюстрация).

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын барлық жеке кәсіпкерлерді ҮИЖ қолдануға және ҮИЖ қолданудың артықшылықтарын пайдалануға шақырамыз.

ҮИЖ-ге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ді орнату және қолдану қағидалары «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

Салықтар туралы және тағы басқалар туралы 1414/3 нөмірі арқылы білуге болады.

 

Қарасу бойынша МКБ

Дата публикации
26 ноября 2021
Дата обновления
26 ноября 2021
Тип
Information

Сейчас читают

UAPF
08 сентября 2026
From September 7, 2026, UAPF contributors received more options for managing their pension savings
UAPF
08 сентября 2026
UAPF JSC reminds about the importance of timely registration of pensions
UAPF
04 сентября 2026
Kazakhstanis' pension savings reached 28.35 trillion tenge.

Социальные медиа

Karasu district
facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты