Меню

Страницы

Статья

Қарасу ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдеріне сайлау қорытындылары туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

            2021 жылғы 25 шілдеде Қарасу ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін төрт сайлау округі бойынша сайлау өтті.

            Қарасу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарасу ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жалғысқан ауылының әкімін сайлауы бойынша

Жалғысқан сайлау округі:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 415 азамат енгізілді, оның ішінде 296 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 19.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            ЖауғашевС.С. – 160;  Қалиев Е.С. – 111.

Жалғысқан ауылының әкімі болып Жауғашев Сырымбек Сағандықұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы, Қарасу ауданы Белозер ауылында тұрады, «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалымен ұсынылды.

Қарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша

Қарасу сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3313 азамат енгізілді, оның ішінде 2744 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 62, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 164.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Чебан Т.Н. – 1584; Щигель  Г.Г. – 934.

            Қарасу  ауылдық  округінің  әкімі болып Чебан Татьяна Николаевнасайланды, 1989 жылы туған, «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру секторының меңгерушісі, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 

Ушаков ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша

Ушаков сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 337 азамат енгізілді, оның ішінде 332 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 16 .

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Әбділдина Ғ.Б. – 253; Бекмағамбетова А.Қ. –  29; Иманбеков С.Р. -  26.

Ушаков ауылдық округінің әкімі болып Әбділдина Ғалия Болтайқызы сайланды, 1966 жылы туған, Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округінің әкімі, Қарасу ауданы Ушаков ауылында тұрады,Қостанай облысы бойынша «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалымен ұсынылды.

Черняев ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша

Черняев сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 672 азамат енгізілді, оның ішінде 666 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 17.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айтбаев Б.М. – 455; Тәжібаев Т.К. – 192.

Черняев ауылдық округінің әкімі болып Айтбаев Бахтияр Маратұлы сайланды, 1989 жылы туған, Қарасу ауданы Черняев ауылдық округінің әкімі, Қарасу ауданы Ленин ауылында тұрады,Қостанай облысы бойынша «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалымен ұсынылды.

Қарасу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Қарасу ауданының ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

                                              

Қарасу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июля 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип
Information

Сейчас читают

UAPF
27 октября 2026
The Number of Contributors Transferring Their Pension Savings to IPM is Growing What Are The Key Benefits of invest.enpf.kz Investment Portal?
UAPF
27 октября 2026
Scheduled pension savings payouts from the UAPF: how they are calculated and where to apply Topical Questions about the UAPF
UAPF
27 октября 2026
On the Need for Citizens to Conclude Employment and Civil Law Contracts When Working in EAEU Countries

Социальные медиа

Karasu district
facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты