Сіздің атыңызға ЖК,ЖШС сіздің қатысуыңсыз тіркелгенін қалай тексеруге болады.

Бейімбет Майлин   ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер  басқармасы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында кәсіпорындарды «жалған тұлғаларға» тіркеуді анықтау бойынша ҚР азаматтарынан сіздің қатысуыңсыз және келісіміңсіз тіркелген келесі кәсіпкерлік субъектілерінің бар-жоғын тексеруді сұрайды:

- Сізді ЖК жеке (кәсіпкер ретінде) тіркеу туралы;

- Сізді заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы ретінде тіркеу туралы.

Мұны қалай тексеруге болады?

ЖК болуы туралы мәліметтерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚР ҚМ МКК) www.kgd.gov.kz сайтынан тексере аласыз «Ақпараттық ресурстар» бөлімінде «Электрондық сервистер» режимі «Салық төлеушілерді іздеу» сервисі.

Заңды тұлғаның www.Egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында «e-gov» электрондық кілтінің көмегімен сіздің атаңызға ашық па екендігін тексеруге болады. www.Egov.kz сайтқа кіріңіз «Бизнес»- «Бизнесті тіркеу және дамыту»-«Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы мәліметтер» деген бөлімде «Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы мәліметтерді ұсыну» деген анықтаманы сұраңыз.

Аталған сипаттағы барлық туындаған сұрақтар бойынша Әйет а., Б.Майлин көш., 39 үй мекенжайы, 8-714-36-3-67-37 телефон нөмірі.

Жарияланған күні

24 қараша 2021

Жаңарту күні

24 қараша 2021