2021 ЖЫЛЫ ОБЛЫСТЫҢ 500-ДЕН АСТАМ ҰЙЫМДАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов Антикор-орталық алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша - "Біз 506 талдау объектісінен ақпарат және талдау анықтамаларын алдық. Оның қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарында 613 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды,  оларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді".

Сонымен қатар  «Бұл бастамашыл жұмыс сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау ықтималдығын одан әрі қысқартуға мүмкіндік береді, өйткені салалық заңнамаға өзгерістер енгізу, барлық бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мемлекеттік органдардың жұмысын тек құқықтық өріс шеңберінде қамтамасыз етеді»,- деп айтты брифинг барысында Данияр Смағұлов.

Жарияланған күні

28 қыркүйек 2021

Жаңарту күні

28 қыркүйек 2021