Павлов ауылдық округінің әкімі Т.С. Күзембаеваның 2021 жылдың қаңтар айында өтетін халық өкілдерімен есепті кездесуіне баяндама тезистері 

Павлов ауылдық округінің әкімі Т.С. Күзембаеваның 2021 жылдың қаңтар айында өтетін халық өкілдерімен есепті кездесуіне баяндама тезистері 

2020 жылдың қорытындыларын жасай отырып, біз мынадай көрсеткіштеріне қол жеткіздік.

2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың жалпы саны 728 адам, 255 ауланы құрады, оның ішінде: Павловка ауылында – 152 адам (63 аула), Апановка ауылында – 471 адам (158 аула), Қоржынкөл ауылында – 9 адам (7 аула), Евгеновка ауылында – 96 адам (27 аула).

Экономика жағынан белсенді тұрғындар 345 адам, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтылған – 73 адам құрады. Округ аумағында 109 зейнеткер, 22 мүгедек тұрады, соның ішінен 2 бала-мүгедек.

2020 жылдың ішінде Павлов ауылдық округі әкімінің аппаратында – 7 өтініш тіркелді, олардың ішінен жеке тұлғалардан – 7, заңды тұлғалардан – 0 келіп түсті. Ең көп өтініштер көлік және коммуникация мәселелер бойынша келіп түсті – 5, басқа мәселелер бойынша – 2 өтініш. Жеке қабылдауда-5, ұжымдық -2 өтініш түсті. Өтініш білдірген азаматтардың негізгі санатын халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтар құрады.  

2020 жылдың ішінде ауылдық округі әкімінің аппараты 1817 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде «Электрондық үкімет» портал арқылы                       1800 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Азаматтардан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. 32 нотариаттық iс-әрекет жасалды.

2020 жылы жиналған салық сомасы 1 702,7 мың теңгені құрады, оның ішінде: табыс салығы - 510,8 мың теңге, мүліктік салық - 18,1 мың теңге, жер салығы – 54,0 мың теңге, көлік салығы -1 119,8 теңге. Салық бойынша берешек жоқ.

2020 жылдың ішінде ауылдың жергілікті қоғамдастық 12 жиналыс, азаматтардың 9 жиын өткізілді, олардың барысында ағымдағы мәселелер қаралды.

Ауылдық округінің аумағында 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар – «Азия Алтын-2000», «Асар-07», «ХОРС2019» ЖШС, «Жаса12» ЖШС, «Агро1010» ЖШС, «Асар Жер-Агро» ЖШС, олар өсімдік шаруашылықпен айналысады, сондай-ақ, 22 шаруа қожалығы бар, онда 65 адам жұмыс істейді.

Округте жеке секторда 769 бас ірі қара мал, 193 бас жылқы, 4056 бас қой мен ешкі, 730 бас шошқа, 11440 барлық құс түрі саналуда. 

Ветеринариялық өңдеу 2020 жылғы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

Округ аумағында бір бейімделген мал қорымы және сібір жарасынан өлген малды көметін екі орны қалыпты жағдайда. Мал өліктерін көму аумағы бетон плиталармен қоршалған, белгілер орнатылған.

Округ аумағында 11 жеке кәсіпкер бар – бөлшек саудамен айналысатын 4 дүкен. 3 ЖК мал өсірумен айналысады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтіндердің саны - 15 адам құрады.

Мемлекет Басшысы, Республика Үкіметі халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобын қолдауға ерекше мән береді. Осындай қолдауының бірі әлеуметтік төлемдер. 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 4 отбасы (оның ішінде    18 адам) 1 282,5 мың теңге сомасында алды. Тұрмыстық қажеттіліктерге бір жолғы әлеуметтік көмекті 8 отбасы-171442 теңге, ай сайынғы әлеуметтік көмекті 3 адам-165573 теңге алды. Жастар тәжірибесі бойынша 2 адам жұмысқа орналастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың            2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2020 жылында 1 адам оқыды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3 кредит берілді-  «Жортынбаев» ЖК, «Кузембаев» ЖК, «Макпал» ШК.

Үшінші бағыты шеңберінде, ауылда ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, онда 19 адам жұмыспен қамтылды.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес көшелерді жарықтандыру жұмыс істейді. Округ бойынша барлығы 114 шам орнатылған және қызмет көрсетіледі. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 1 879,9 мың теңге жұмсалды.

Көктемгі, күзгі айлық кезеңінде елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру кезеңінде ауылдарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді: ағаштар мен бағаналарды әктеу, көшелер мен аулаларды тазалау, 100 көшет отырғызылды, сондай-ақ барлық ұйымдарда сенбіліктер өткізілді. 3 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.

Абаттандыру бойынша іс-шараларға тіркемені сатып алу үшін 500,0 мың теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

Ауылдық округ үшін 1680,0 мың теңгеге өртке қарсы қондырғы сатып алынды.

Округтегі кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы 29 км құрайды, 2020 жылы қысқы күтіп ұстауға 2 135,0 мың теңге жұмсалды.

Павловка және Апановка ауылдарының тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілді. Қызмет көрсетілетін ұйымдар: «Темір жол су» ЖШС, «Тобыл» МКК болып табылады. Қоржынкөл, Евгеновка ауылдарының тұрғындары орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген (құдықтар, ұңғымалар).

Округ аумағында білім жүйесі үш мектепте әрекет жасайды:

Павлов бастауыш мектебінде 5 бала оқиды, соның ішінде мектепке дейінгі даярлау сыныпта 1 бала оқиды. Шағын орталыққа 5 бала барып жүр. Барлық мұғалімдер-2, тәрбиеші -1. Евгенов бастауыш мектебінде 6 бала оқиды, соның ішінде мектепке дейінгі даярлау сыныпта 2 бала оқиды. Шағын орталыққа 1 бала барып жүр. Мұғалімдер барлығы – 3, тәрбиеші -1. Апанов негізгі мектебінде 94 бала оқиды, соның ішінде мектепке дейінгі даярлау сыныпта 10 бала оқиды. Мұғалімдер барлығы – 16. Шағын орталық жұмыс істейді. Қызметкерлер саны 4 бірлік құрайды, орыс тілінде бір топ, жалпы саны 12 бала, және де мемлекеттік тілде бір топ, жалпы саны 11 бала.

Павловка ауылында тұратын 6 бала және Евгеновка ауылында тұратын 8 бала Апанов НМ оқиды. Оқушыларды тасымалдау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2020 жылы – 1 346, 8 мың теңге жұмсалды.

Округтің денсаулық сақтау саласы 3 медициналық пункттен тұрады. Павловка ауылындағы медициналық пункт бейімделген ғимаратта орналасқан. Апановка ауылындағы медициналық пункт Апановка ОШ ғимаратында, Евгеновка ауылындағы жеке үйде орналасқан. Апановка ауылында фельдшердің бос орны бар. Күнделікті амбулаторлық қабылдау жүргізіледі.

Ауылдық округ аумағындағы мәдениет мекемелерінің желісін 1 ауылдық кітапхана және Апановка ауылындағы бір демалыс орталығы ұсынады.

Ауылдық округте Павловка және Апановка ауылдарында 2 пошта байланыс бөлімшесі бар.

Жарияланған күні

05 қаңтар 2021

Жаңарту күні

05 қаңтар 2021