Электрондық сауда

Көру саны:4
Тауарлардың электрондық саудасы - бұл жеке тұлғаларға тауарларды сату бойынша ақпараттық технологиялар арқылы интернет-дүкен және (немесе) интернет-сайт арқылы, келесі шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет:
тауарларды сату бойынша мәмілелерді тіркеу электронды түрде жүзеге асырылады;
тауарларға төлем қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізу бойынша өзіндік қызметтің болуы немесе тауарларды тасымалдау, курьерлік және (немесе) пошта қызметі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалармен шарттардың болуы.
Интернет-платформа - Интернетте орналасқан, тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыруға делдалдық қызмет көрсететін ақпараттық жүйе.
Интернет-дүкен - бұл Интернет желісінде орналасқан, өзінің интернет-ресурсында тауарларды сатуға арналған ақпараттық жүйе.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сізге электронды сауда саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркелу қажет.
Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы