«Сыйлықты ұтып алыңыз!» акциясы

Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жыл сайынғы «Чекті талап ет - сыйлық ұтып ал!» Акциясы жалғасатынын еске салады, оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру.
Әр тұтынушы сатып алынған өнімге (жұмыс пен қызметке) чекті мобильді қосымша арқылы жібере алады (ақысыз Wipon қосымшасы) және күн сайын ұялы телефон балансында ақша ұтып алу мүмкіндігіне ие бола алады. Сондай-ақ, бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегі берілмеген жағдайда, тұтынушы осы қосымша арқылы шағым жібере алады, мұнда фактіні растағаннан кейін телефон балансы толтырылады.

Науқан жыл соңына дейін жалғасады.

Жарияланған күні

24 қараша 2020

Жаңарту күні

24 қараша 2020