Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінде мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Көру саны:18
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінде аудан әкімі К.Б. Мұржақұповтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Отырыста аудан мекемелерінің 2024 жылға арналған қазақстандық патриотизмді насихаттау жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің жай-күйі мен қолданылуын мониторингтеу қорытындысы, сондай-ақ Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс тобының жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту мәселелері қаралды.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қазақстандық патриотизмді нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі әрі үздіксіз жүргізілуі қажет екені атап өтілді. Ерекше назар жастардың, ұйым қызметкерлері мен жалпы тұрғындардың құқықтық және патриоттық мәдениетін арттыруға аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобының төрағасы жауапты тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берді.
31 қазан 2025
31 қазан 2025