2019-2020 жылғы Республикалық олимпиадалар

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олипиадасында  ауданның 16 мектебінен 9-11 сыныптарынан 99 оқушы қатысты.

Аудандық кезеңінің нәтижесі бойынша 55 жүлдегерлер анықталды, білім сапасы 55,5%.

Барлық жүлдегерлер «Бейімбет Майлин  ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ  мадақтамаларымен марапатталды.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 6 оқушы: Бейімбет Майлин атындағы ОМ 10 сынып оқушылары: Приз  Никита, Волвенко Игорь ағылшын тілі пәнінен, Прескурел Данил  орыс тілі пәнінен, Тахмазова Гулая  қазақ тілі пәнінен,    Новоильинов ОМ 9 - сынып оқушысы  Утепова Аделя   биология пәнінен,  Сапар  Ергалиев атындағы ОМ 11- сынып оқушысы  Хусаинова Данна орыс тілі пәнінен қатысты. 

Облыстық кезеңің нәтижесі бойынша екі жүлдегер: Беимбет Майлин атындағы ОМ  оқушылары Приз Никита 2 орын, Тахмазова Гулая 3 орын. Никита мен Гулая екінші жыл қатарынан осы олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының мадақтамаларымен марапатталды.

Туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақты дамыту, қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихынан білімін дамыту, ұлттық өзіндік сәйкестендіру және өзінің кіші Отанына деген мақтаныш сезімін арттыру мақсатында  білім беру оқушыларының арасында 16 қазаныда  Қостанай қаласында «Менің кіші Отаным» республикалық  интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Аудан атынан «Май орта мектебі» КММ Дуамбекова Аружан («Менің туған өлкем» номинациясы) және Баймухамбетова  Аяжан («Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы), «Тобыл орта мектебі» КММ Сломнюк Валентина («Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша   оқушылар қатысты.

Байқаудың І  кезеңінде  - Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары.      2 кезеңде Аружан  «Менің кіші Отаным – менің мақтанышым» тақырыбы бойынша эссе жазса, Аяжан туған ауылдың тарихы бойынша алдын ала дайындалған бейнерепортажды көрсетті, Валентина макет ұсынды.

Байқаудың нәтижесі бойынша Май ОМ оқушылары Дуамбекова Аружан («Менің туған өлкем» номинациясы) және Баймухамбетова  Аяжан («Менің кіші Отанымның тарихы») номинациясында үшінші орындарға ие болды. Тобыл ОМ оқушысы Сломнюк Валентина байқауға қатысқан үшін мадақтамамен марапатталды.

Сайысқа дайындалуға жауапкершілікпен қарау,  туған өлке мен елдің тарихына деген қызығушылық, сондай-ақ  тарих мұғалімі Елена Павловна Зайцеваның дарынды балалармен үлкен жұмыс тәжірибесі, сайыста жүлделі нәтижеге жетті.

«Жарқын болашақ» атты республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде  10 оқушы қатысты: Сапар Ерғалиев атындағы ОМ 9 – сынып оқушысы Адилова Акниет, 11 – сынып оқушысы Берік Ақбота, Бейімбет Майлин атындағы ОМ 11- сынып оқушысы Оттингер Диана, Набережный ОМ  9- сынып  оқушысы Адильханова Альбина, 9 -сынып  оқушысы Туребаева Улпан, Май ОМ  9 сынып  оқушысы  Стоногина Дарья, 11- сынып оқушысы  Савицкая Анна, Новоильинов  ОМ  оқушысы  Бауржан Назерке, Бейімбет Майлин атындағы ОМ 10 - сынып оқушысы Тахмазова Гулая, Юбилейное ОМ  7 – сынып оқушысы  Дьяченко Максим.

Олимпиаданың  қорытындысы бойынша төрт жүлделі орын алғандар Тахмазова Г.-2 орын, Адильханова А., Стоногина Д, Бауржан Н.-3 орын.

Абай оқулары, Махамбет оқулары байқауларының облыстық кезеңінде 4 оқушы қатысты: Набережный ОМ 8- сынып  оқушысы  Туребаева Улбала, Сапар Ерғалиев атындағы ОМ 10 - сынып  оқушысы Хусаинова Данна, Новоильинов ОМ  9 - сынып оқушысы,  Сагындыкова Акзейнепханым, Май ОМ 11- сынып оқушысы Гулушова Ольга.

«Махамбет оқулары»  облыстық сайысына 11 оқушы қатысты,  байқаудың қорытындысы бойынша 9 жүлделі орын:    

1 орын: Новоильинов ОМ 11- сынып оқушысы  Асет Еркебулан, Тобыл ОМ оқушысы Ткач Айгерим,  Бейімбет Майлин атындағы ОМ  оқушысы Тахмазова Айсель .

2 орын: Май ОМ  4- сынып  оқушысы Мешкова Анастасия, Красносельск ОМ  4- сынып  оқушысы Горнеева Дарья, Набережный ОМ  оқушысы  Любрицкая Мария, Бейімбет Майлин атындағы ОМ   6-сынып оқушысы  Серых Дмитрий.

3 орын: Юбилейное ОМ 5 - сынып Малышева Дарья, Май ОМ 6 - сынып оқушысы Ермолина Анастасия,  Набережный ОМ  7 - сынып Костылева Дарья.

Жарияланған күні

22 маусым 2020

Жаңарту күні

22 маусым 2020

Қызмет бағыты