Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Асенкритов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Асенкритов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы Асенкритов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды  тіркеді:

  1.  Мұханов Жасұлан Балғабайұлы, 1986 жылы туған, Асенкритов ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылында тұрады, Қостанай облысы бойынша «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалы ұсынылған.
  2. Сағитов Азамат Бахытжанұлы, 1984 жылы туған, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
  3. Сайлыбаев Аяпберген Серікұлы, 1998 жылы туған, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Красносельское ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Жарияланған күні

11 мамыр 2025 13:13

Жаңарту күні

15 мамыр 2025