«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 6 қарашадағы №46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық мәслихат шешімнің жобасы

Жоба

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 6 қарашадағы №46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 6 қарашадағы №46 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10082 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

Осы шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

  • тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

     «1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

              оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

           Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

             бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

              Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

             соғыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін атқару кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымдануы салдарынан немесе соғыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде науқастануы салдарынан мүгедек деп танылған әскери қызметшілерге 50 000 (елу мың) теңгеден.

            Осы тармақшада көрсетілген адамдарға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;

13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

        2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

         Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжатты ұсынады.

         Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;

          Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауырғанын және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады;

         Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

        Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар білім алғанын, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды ұсынады;

          осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады;

          осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдардүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

          осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтерді, қайтыс болу, қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттар;

          осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттар.

          Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

         Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады.».

         Лауазымы                                                              А.Т.Ә.

Жарияланған күні

15 желтоқсан 2023 15:35

Жаңарту күні

15 желтоқсан 2023