"Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Тобыл кенті әкімінің шешімінің жобасы
ЖОБА
Приозерное ауылы әкімінің 2011
жылғы 14 қазандағы «Приозерное
ауылының көшелеріне атау беру
туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 қаулысы және «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы Қостанай облысы мәслихатының № 456 шешіміне сәйкес, Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Приозерное ауылы әкімінің «Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы» 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61326 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Маяк» аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің кіріспесінде «Приозерное ауылының әкімі» сөз тіркесі «Тобыл кентінің әкімі» сөз тіркесіне ауыстырылсын.
- «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4) Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Тобыл кентінің әкімі Б. Каукин
3
28 сәуір 2020 00:00
28 сәуір 2020