"Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Жоба
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы
бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi бекітілсін.
- Аудан әкімдігінің «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы» 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 қаулысына (2018 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7986 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің қаулысына
қосымша
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
|
№ р/р |
Автомобиль жолдарының индексі |
Автомобиль жолдарының атауы |
|
1 |
КР-TR-1 |
«Тобыл-Новоильиновка-Козыревка» |
|
2 |
КР-TR-2 |
«Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка» |
|
3 |
КР-TR-3 |
«Тобыл-Новоильиновка-Богородское» |
|
4 |
КР-TR-4 |
«Тобыл-Новоильиновка-Мирное» |
|
5 |
КР-TR-5 |
«Тобыл-Новоильиновка-Притобольское» |
|
6 |
КР-TR-6 |
«Береговое-Нагорное» |
|
7 |
КР-TR-7 |
«Юбилейное-Береговое» |
|
8 |
КР-TR-8 |
«Красносельское-Журавлевка» |
|
9 |
КР-TR-9 |
«Красносельское-Щербиновка» |
|
10 |
КР-TR-10 |
«Тобыл-Приозерное» |
|
11 |
КР-TR-11 |
«Тобыл-Новоильиновка-Увальное» |
|
12 |
КР-TR-12 |
«Варваринка-Баталы» |
|
13 |
КР-TR-13 |
«Әйет-Майлин» |
|
14 |
КР-TR-14 |
«Әйет-Қызылжар» |
|
15 |
КР-TR-15 |
«Тобыл- Әйет» |
|
16 |
КР-TR-16 |
«Қайындыкөл-Смайыл» |
|
17 |
КР-TR-17 |
«Елизаветинка-Юбилейное» («Причал» туристік базасына кірме жол) |
|
18 |
КР-TR-18 |
«Елизаветинка-Нагорное» («Горняк» пансионатына кірме жол) |
4