«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жариялық талқылау хаттамасы

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жариялық талқылау хаттамасы

Әйет ауылы                                         № 1                         2022 жылғы 12 сәуір

                                                                                                       Сағат 10.00

ТӨРАҒА: А.Б. Бердалинов –Әйет ауылдық округінің әкімі;

ХАТШЫ: А.С.Шин- Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

ҚАТЫСҚАНДАР: қызмет алушылар, учаскелік полиция инспекторы, әкімдік қызметкерлері.

Барлығы  - 10 адам.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

Есеппен Әйет ауылдық округ әкімі А. Б. Бердалинов сөйледі.

Есеп нәтижелері бойынша қатысушылардан сұрақтар түскен жоқ.

Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар В.Н. Искакова, Г.К. Ерекенова, шаралар қабылдасын:

- «электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткішінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша-2022 жылы әрбір қызмет бойынша кемінде 70 %;

Мерзімі: тұрақты.

  1. Әкім аппаратының мамандарына:

   - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мұқият зерделеу, бекітілген стандарттар мен ережелерді және оларға енгізілген өзгерістер.

- стандарттар мен ережелерге сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету.

        Мерзімі: тұрақты.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Әйет ауылдық округі әкімінің орынбасары Абзал Маратович Арыковқа жүктелсін.

              Хатшы                                                                 Шин А.С. 

Жарияланған күні

13 сәуір 2022 11:26

Жаңарту күні

13 сәуір 2022