Белинский ауылдық округінің 2021 жылғы қызметі туралы ақпарат

Белинский ауылдық округінің 2021 жылғы қызметі туралы ақпарат

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғындар саны 426 адамды құрады, оның ішінде Қайыңдыкөл ауылында - 205 адам (73 аула), Смайыл ауылында - 78 адам (25 аула), Мақсұт а.- 143 адам ( 54 аула)

Экономикалық белсенді тұрғындар саны 283 адамды құрайды, оның ішінде өзін - өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар – 116 адам.

Округ аумағында 57 зейнеткер, 12 мүгедек тұрады.

2021 жылдың 12 айында жиналған салық сомасы 2109,7 мың теңгені құрады, оның ішінде: табыс салығы - 487,2 мың теңге, мүлік және жер салығы – 64,2 мың теңге, көлік салығы – 894,0 мың теңге. Салық бойынша берешек 97095 теңгені құрады.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнестің 30 субъектісі жұмыс істейді.

Ауылдық округ аумағында 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 57 жұмыскері бар 19 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2021 жылы жалпы егіс көлемі 12953 гектар дәнді және басқа да дақылдарды құрады. Округ бойынша орташа өнімділік 3,5 ц/га құрады. Тауар өндірушілер тұқым қорының қажетті қорын толтырды.

Округте 1581 бас ірі қара мал (оның ішінде 1270 аналық бас), жылқы - 1327 (оның ішінде 1121 аналық бас), қой мен ешкі - 3504 (оның ішінде 1701 аналық бас); шошқа - 300 (оның ішінде 210 аналық бас), барлық түрдегі құстар - 8700 (оның ішінде 7160 мекиен тауық)  бар.

Ветеринариялық өңдеу 2021 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді. Смайыл және Қайындыкөл және Мақсұт ауылдарында 3 бейімделген мал қорымы және 3 ресімделген сібір жарасы көмінділері бар. Жерлеу аумағы бетон плиталармен қоршалған, белгілері бар.

Ауылды абаттандыру тұрғындарды ауылдық округті тазалауға белсенді қатысуға шақырудан басталды. Белинский ауылдық округінде 3 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды, оның ішінде: Қайындыкөл а. – 2 қоқыс үйінділері (100 тоннадан астам күл мен қоқыс шығарылды), Смайыл а. – 1 қоқыс (30 тоннадан астам күл мен қоқыс шығарылды).

Округ тұрғындары орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген (құдықтар, ұңғымалар). Смайыл ауылында – 100% аулаларда ұңғымалар, Қайындыкөл ауылы аумағында – 24 ұңғыма бар. Мақсұт – 3 ұнғыма бар.

Кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы 19,5 км құрайды, олардың қысқы күтіміне 3050,0 мың теңге жұмсалды.

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 2352,0 мың теңге жұмсалды.

Округ аумағындағы білім беру жүйесі екі мектептен тұрады: Е.Омаров атындағы негізгі мектеп және Мақсұт бастауыш мектебі. Е.Омаров атындағы негізгі мектеп оқушыларының контингенті 48 оқушыны құрайды, мектепалды даярлық сыныбында-2 тәрбиеленуші. Барлығы. 12 педагог, оның ішінде 6 мұғалім жоғары білімді, 6 мұғалім арнайы орта білімді.

Мақсұт бастауыш мектебінің оқушылар контингенті – 12 оқушы, мектепалды даярлық сыныбына-1 тәрбиеленуші, шағын орталыққа – 1 тәрбиеленуші барады. Педагогтердің барлығы-7, оның ішінде жоғары білімі бар – 7 мұғалім, арнайы орта  мұғалім жок.

Жамбаскөл ауылында тұратын бес бала Е.Омаров атындағы орта мектепте оқиды.

Округтің денсаулық сақтау саласы 3 медициналық пункттен тұрады. Қайындыкөл ауылындағы медициналық пункт ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан. Күнделікті амбулаторлық қабылдау жүргізіледі. Смайыл ауылындағы және Мақсұт ауылындағы медициналық пункттар жеке меншік үйлерде орналастырылған.

Мәдени мекемелер желісі 2 объектісімен – 2 ауылдық кітапханалармен және Қайыңдыкөл ауылындағы «Достық» демалыс орталығымен ұсынылған, онда мемлекеттік мерекелер, мәдени – бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Жарияланған күні

09 ақпан 2022 11:16

Жаңарту күні

09 ақпан 2022