"Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы

ЖОБА

Бейімбет Майлин ауданында

стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру

орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
  3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Жарияланған күні

25 қаңтар 2021 00:00

Жаңарту күні

25 қаңтар 2021