Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл

Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Функциялары:
- есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру және іске асыру;
- мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
- есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлармен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашу;
- ақпараттық-коммуникациялық жүйеде есірткі қауіпсіздігін қаматамасыз ету;
- есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
- есірткі ахуалының жай-күйі мен даму үрдісінің мониторингін жүзеге асыру;
- есірткі қылмысы мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасасуда шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
- Кинологиялық қызмет орталықтарының қызметін үйлестіру және ұйымдастыру.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 05 желтоқсан 2025Біз туралы БАҚҚарағанды облысындағы бақылау-өткізу бекетінен Land Cruiser көлігінің жүксалғышында отырған ер адам көлікпен өтпек болды
- 05 желтоқсан 2025Баспасөз релиздеріТеміртау қаласының 61 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды.
- 05 желтоқсан 2025Біз туралы БАҚПриозерскіде бір әйелді құтқару үшін полиция қызметкері биіктіктен қауіпті секіріс жасады
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазіргі уақытта интернет өте қолжетімді. Балалар мен жастар гаджеттерде, телефондарда интернет желісінде есірткі жарнамалайтын және сататын ресурстарды оңай, әрі тез көре алады.
"Интернет-дүкендер" негізі "телеграмм" мобильді қосымшасы арқылы құрылады, оларды кез-келген смартфонға жүктеуге болады.
Көп жағдайда жастарға есірткілерді жарнамалайтын сайттар туралы жарнаманы жабыстырушы немесе курьерлер жұмысын ұсынады. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыспен жазаланады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Синтетикалық есірткілер көп жағдайда арзан болып келеді және жастар қызығатын сағыз және мұз тәттілермен бүркемелеп сату фактілері кездеседі.
Синтетикалық есірткілер аз уақытта адамның организмінде тәуелділік туғызады, орталық нерв жүйесін зақымдайды, психикалық жағдайы бұзылады.
Негізі синтетикалық есірткілер "жасырын түрде" қолдан жасалады және олар синтезделгенде "күкірт", "калий", "мышьяк" сияқты улы заттар түзеді. Нашақор көп жағдайда дозаның мөлшерін білмей шамадан тыс пайдаланудан көз жұмады.
Қазақстанда есірткі сататын және насихаттайтын интеренет-сайттарға жасалатын сілтемелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық Кодекске жаңа бап (ҚК 299-1 бабы) енгізілген. Ол бар бойынша 3 жылға жылға дейін, егер бұл қылмыс топпен, бірнеше рет немесе білім ұйымдарында жасалған болса 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

