Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру

2024 жылғы 16 тамызда сағат 15:00-де ZOOM (конференция идентификаторы: 856 4065 5442, қолжетімділік коды: FFb405)                         бейне-конференц байланысы арқылы онлайн режимде «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда.

Осыған байланысты, Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметінде Сізге белгілі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты телефон арқылы хабарлауға болады: +7 7172 98-36-08, 98-35-99; +7 775 833 44 25 (WhatsApp).

Сондай-ақ, жария талқылауға тасымалдаушылардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.