Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру
2024 жылғы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, қоғамды «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
2024 жылғы 12 наурызда сағат 15:00-де ZOOM (конференция идентификаторы: 825 3530 2086, қолжетімділік коды: v6Kd1z) бейне-конференц байланысы арқылы онлайн режимде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда.
Осыған байланысты, Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметінде Сізге белгілі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты телефон арқылы хабарлауға болады: +7 7172 98-36-08, 98-35-99; +7 775 833 44 25 (WhatsApp).
Сондай-ақ, жария талқылауға тасымалдаушылардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.