Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – БАС қағидалары) 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында салмағы 25 кг-нан 750 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараты бар ұшқышсыз авиациялық жүйеге отандық сериялық және шетелдік сериялық өндіріс ретінде сәйкестік сертификатын беру тәртібі сипатталған.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында көрсетілген құжаттар тізбесі, сериялық отандық немесе сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға eOtinish арқылы жолданады және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://caa.gov.kz/ru/deyatelnost/departament-bespilotnyh-aviacyonnyh-sistem/podtverzhdenie-tehnicheskogo-sootvetstviya-formy-deklaracij-i-zayavok/bas3
- Сериялық отандық өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі:
- БАС қағидаларына 25-қосымшаға сәйкес сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш;
- Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы;
- Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы;
- ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері;
- Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі;
- БАС техникалық қызмет көрсету регламенті (бағдарламасы);
- ААӘ тарапынан қол қойылған мемлекеттік сынақтар актісі.
- Сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі:
- Сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш;
- Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы;
- Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы;
- БАС-тың мына талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер немесе дайындаушы мемлекеттің стандарттары, директивалары, қағидалары, техникалық регламенттері):
- электромагниттік үйлесімділік талаптарына және жиілік спектрін дұрыс пайдалану талаптарына сәйкестігі;
- дыбыс және бейне жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі (бар болса);
- электрондық және/немесе электротехникалық жабдықтардың электромагниттік өрісінің адам ағзасына әсер етуіне қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса);
- химиялық заттарды пайдалануға шектеулерге қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса);
- қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде. Егер жоғарыда көрсетілген тілдерде құжаттар болмаған жағдайда, өтініш беруші өндірушінің түпнұсқа құжатын және нотариалды куәландырылған қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі аудармасын ұсынады;
- ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері;
- Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі.
Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:
Құрылыс салу, орнату, орналастыру, кеңейту, қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілері мен өзге де құрылыстарды орнату бойынша (әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес):
– объектілер тізімі, олардың ұзындығы мен мақсаты туралы мәліметтер;
– WGS–84 координаттар жүйесінде объектінің көлденең жазықтықтағы орналасуы туралы мәліметтер;
– объектінің тік жазықтықтағы орналасуы туралы мәліметтер: объектінің биіктігі және оның орналасқан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі немесе объектінің ең биік нүктесінің теңіз деңгейінен асуы (WGS–84 жүйесі бойынша);
– объектінің орналасуы мен биіктігіне қатысты мәліметтердің көзі туралы ақпарат;
– көлденең және тік координаталар жүйесіндегі мәліметтердің дәлдігі;
– объектілер салынатын аумақты, қалаға немесе елді мекенге байланысын және әуежай маңындағы аумақтар үшін КТА-ға дейінгі қашықтықты көрсететін карта;
– электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер;
– байланыс және электр беру желілерінің биіктігі (соның ішінде бұрылу нүктелері, су айдындары, өзендер, теміржол немесе автокөлік жолдары арқылы өтетін бөліктер);
– рельефті ескере отырып, жер бетінің абсолюттік белгілері мен масштабтары көрсетілген, жарық бағыттарына бағдарланған электр беру желілерінің трассасы жоспары (WGS–84 жүйесінде);
– рельефті ескере отырып, жер бетінің абсолюттік белгілері мен масштабтары көрсетілген, жарық бағыттарына бағдарланған объектілер мен кедергілердің ұзындығы бойынша жоспары (WGS–84 жүйесінде).
Аталған мәліметтер мен бағалаулар Қағидалардың 5-тармағына сәйкес техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін I санаттағы лицензиясы бар жобалау ұйымдарымен дайындалады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес).
Әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлерін туындататын жұмыстарды орындау үшін:
– учаскенің бастапқы және соңғы нүктелері мен бүкіл трассаның атауы (өңірі мен ауданы көрсетіледі);
– радиосәулелендіргіш құрылғылардың мақсаты, жұмыс жиіліктері, сәулелену жолағының ені, модуляция түрі, қуаты, сәулеленудің бағыттылығы және диаграмма ені, антенналық құрылғылардың іліну биіктігі туралы мәліметтер.
Құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінуінің төмендеуіне әкеп соғатын объектілерді орналастыру үшін:
– объектінің орналасқан жері, КТА-ға дейінгі қашықтығы туралы мәліметтер;
– қызмет түрі сипатталады және құстар мен жануарлар үшін объектіні тартымсыз етуге бағытталған шарттар көрсетіледі.
Тікелей әуе кеңістігінде материалдық объектілердің қозғалысына байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің, олардың жабдықтарының және борттағы адамдардың ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін:
– мұндай қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары туралы мәліметтер ұсынылады.
1, 2 немесе 3 санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификатын алу мақсатында өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларға сәйкес тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе практикалық даярлаудан өтеді.
Тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе практикалық даярлау бағдарламаларын келіскен ұйымдардың тізімі АО «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» сайтында https://caa.gov.kz/ru/obuchenie-bas https://caa.gov.kz/ru/obuchenie-bas сілтемесі бойынша жарияланған, онда ұйымдардың атауы, байланыс деректері және пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау бағдарламалары көрсетілген.
Пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификаттарын беру тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 3-бөлімінің 2-параграфында айқындалған.
Құжаттарды қарау мерзімі – 15 күнтізбелік күн.
Жолаушыларға әуе кемесінің бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларымен реттеледі.
Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі, шұғыл және жедел медициналық көмек жолаушылар арасында медициналық қызметкер болған жағдайда көрсетіледі.
Әуе кемесінің бортында бар дәрілік заттарды пайдалану арқылы алғашқы медициналық көмекті кабиналық экипаж мүшелері немесе кабиналық экипажы қарастырылмаған әуе кемесінде – тиісті дайындықтан өткен ұшушы экипаж мүшелері көрсетеді.
Әуе кемесінің командирі егер ұшуды жалғастыру жолаушының денсаулығына қауіп төндіреді деп есептесе, жедел қону туралы шешім қабылдайды.
Медициналық көмек жинағын әуе кемесінде отырған фельдшер немесе жоғары медициналық білімі бар жолаушы немесе аға бортсерік пайдалана алады – бұл тек медициналық қызметкерден ауызша, жазбаша немесе қашықтықтан кеңес алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Жолаушы медициналық пунктке жүгінген жағдайда:
- медициналық тексеру жүргізіледі, алдын ала диагноз қойылады және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі;
- қажет болған жағдайда жолаушыны қысқа мерзімді бақылау қамтамасыз етіледі;
- медициналық көрсеткіштер болған жағдайда – жедел жәрдем бригадасы шақырылады және/немесе госпитализацияға жіберіледі;
- әуе көлігімен ұшуға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда – жолаушы ұшуға жіберілмейді, оған ұшудан шеттету туралы анықтама беріледі, ол авиабилетті қайтаруға негіз болады;
- ұшудан шеттетілген жолаушы туралы тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчері хабардар етіледі және жолаушылардың медициналық көмекке жүгінуі бойынша журналға тиісті жазба енгізіледі, бұл ретте жолаушының қайда кеткені міндетті түрде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды ертіп жүретін адамдарға әуе тасымалдарына жеңілдіктер беру қарастырылмаған.
Air Astana, Fly Arystan, SCAT және Qazaq Air сияқты отандық әуе компаниялары мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды ертіп жүретін тұлғаларға жеңілдіктерді өз қалауы бойынша ұсынады.
Анықтама үшін:
«SCAT» АҚ – ішкі тұрақты рейстерде (субсидияланатын рейстерден басқа):
– 100% жеңілдік – мүгедектігі бар балаларға;
– 100% жеңілдік – 1-топ мүгедектеріне;
– 50% жеңілдік – 2-топ мүгедектеріне, F-класс арнайы тарифінен есептеледі;
Аэропорттық және сервис алымдары қосымша төленеді.
Сүйемелдеуші тұлға билет ресімделу сәтіндегі қолжетімді тариф бойынша төлейді.
Анықтама: жеңілдікпен билетті ресімдеу тек «SCAT» әуе компаниясының өкілдіктерінде растайтын құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады.
«Qazaq Air» АҚ: – 100% жеңілдік – ауыр науқас балаларға, 2 жастан 17 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүретін тұлғаға, егер ұшу емделуге/тексеруге байланысты болса;
– 50% жеңілдік – мүгедектігі бар жолаушыларға жеке сапарлар үшін;
Анықтама: жеңілдік тарифтер бойынша өтінімдер әуе компаниясының ресми өкілдіктерінде немесе info@flyqazaq.com электрондық поштасына жіберіледі. Растайтын құжаттар міндетті түрде ұсынылуы тиіс.
«Air Astana» АҚ: – 100% жеңілдік – ҚР азаматтық авиациясының ардагерлеріне шетелде емделу үшін;
– 100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне ішкі бағыттар мен ТМД елдеріне;
– 100% жеңілдік – аз қамтылған отбасылардан шыққан, Қазақстанда емделуі мүмкін емес онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары бар балаларға, егер олар емдеуге немесе операцияға ұшса;
Анықтама: жеңілдік тарифтер бойынша өтінімдер help.airastana.com порталы арқылы қабылданады.
«Fly Arystan» – «Komek» жобасы аясында:
– 50% жеңілдік – 1-топ мүгедектеріне (акциялық тарифтерден басқа);
– 50% жеңілдік – бір еріп жүретін тұлғаға;
Анықтама: сұраныстарды komek@flyarystan.com электрондық поштасына жіберу ұсынылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктерді заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда.
Ішкі тасымалдар кезінде жолаушы 2 жасқа дейінгі бір кәмелетке толмаған баланы жеке орынсыз тегін тасымалдайды.
Егер 2 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаға ішкі рейсте жеке орын берілсе, оның тасымалы үшін еріп жүретін кәмелетке толған жолаушының тарифінің 50%-ы мөлшерінде ақы төленеді.
Жолаушымен бірге келе жатқан басқа да 2 жастан 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ішкі рейстерде стандартты тарифтің 50%-ын төлей отырып жеке орынмен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, әуе көлігінде қол жүгінің және багаждың салмағы, габариттері, сондай-ақ тегін тасымалдау нормалары тасымалдаушы тарапынан белгіленеді.
«Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына» сәйкес:
- әрбір багаж орнының салмағы 32 килограмнан, ал үш өлшемі бойынша жиынтық көлемі 158 сантиметрден аспауы тиіс;
- тегін тасымалдау нормасынан артық багаж тасымалы жөнелту пунктінде бүкіл бағыт бойынша, яғни межелі пунктке дейін, ақылы түрде жүзеге асырылады және ақы төлеу платный багажға түбіртек берілген күнгі қолданыстағы тариф бойынша алдын ала (билет ресімделген кезде) жүргізіледі;
- егер жөнелту пунктінде жолаушы тасымалдауға билет ресімделген кезде көрсетілген және алдын ала төленген мөлшерден аз багаж тапсырса, жүк массасының нақты және мәлімделген айырмашылығы жолаушыға бастапқы төлем валютасында және оның нақты тұратын жері бойынша қайтарылуға жатады.
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығы «Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»)
«Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына» сәйкес, қол жүгін және багажды тегін алып жүру салмағы, өлшемдері мен нормаларын тасымалдаушы белгілейді. Әуе компаниялары багажды тасымалдау нормаларын әуе кемелерінің техникалық шектеулеріне сәйкес белгілейді, бұл шектеулер әуе тасымалын жүзеге асыратын ұшақтарға байланысты. Сондай-ақ, бұл шара жолаушының багаж алып жүру қажеттілігі болмаған жағдайда билет құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығы)
Жүктің кешігіп жеткізілуі, жетіспеуі, бүлінуі (зақымдануы) немесе жоғалуы, сондай-ақ багаж түбіртегі мен багаж жапсырмасының жыртылатын талонын көрсетпестен багаж берілген жағдайларда, тасымалдау барысында ақау туралы акт (PIR актісі) толтырылады. Бұл актіге жүктi қабылдап алушы тұлға мен әуе компаниясының өкілі қол қояды.
Осыдан кейін жолаушы барлық растайтын құжаттарды (тасымалдау барысында ақау туралы PIR актісі, жүктің құнын растайтын чек және фотосуреттер) ұсыну арқылы әуе компаниясына өтінішпен жүгінуі тиіс.
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығымен бекітілген «Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидалары» (73-тармақ).)
Жолаушы әуе билетін сатып алу арқылы әуе тасымалы шартын қабылдайды, келіседі және жасасады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 76-бабы 2-тармағына сәйкес).
Сондай-ақ, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қайтарылмайтын билеттерді сату тыйым салынбайтынын атап өту қажет (Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес).
Осыған байланысты, әуе тасымалдау шартына сәйкес, әуе компаниясы қайтарылмайтын әуе билеттерінің құнын ваучер түрінде қайтаруға құқылы.