Жиі қойылатын сұрақтар
ҰҚК Жоғары оқу орындарына кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшем шарттары
- Орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Белағашта тартылу (қанша рет) |
11 |
9 |
7 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
14,0 |
14,2 |
14,8 |
|
3000 метрге жүгіру (мин.сек) |
12,15 |
12,45 |
13,30 |
- Жоғары білімнің оқыту мерзімі қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін
Ерлер
1-топ 25 жасқа дейін:
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Белағашта тартылу (қанша рет) |
15 |
13 |
9 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
13,9 |
14,4 |
15,2 |
|
3000 метрге жүгіру (мин.сек) |
12,10 |
12,25 |
12,50 |
2-топ 25-30 жас аралығы:
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Белағашта тартылу (қанша рет) |
14 |
12 |
8 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
14,0 |
14,5 |
15,3 |
|
3000 метрге жүгіру (мин.сек) |
12,20 |
12,35 |
13,00 |
3-топ 30-35 жас аралығы:
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Белағашта тартылу (қанша рет) |
12 |
10 |
6 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
14,8 |
15,4 |
16,2 |
|
3000 метрге жүгіру (мин.сек) |
14,0 |
14,45 |
15,30 |
Әйелдер
1-топ 25 жасқа дейін:
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет) |
34 |
30 |
26 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
16,6 |
17,2 |
18,0 |
|
1000 метрге жүгіру (мин.сек) |
4,00 |
4,15 |
4,35 |
2-топ 25-30 жас аралығы:
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет) |
30 |
26 |
22 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
17,2 |
17,8 |
18,6 |
|
1000 метрге жүгіру (мин.сек) |
4,20 |
4,40 |
5,10 |
3-топ 30-35 жас аралығы:
|
Жаттығу |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
|
Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет) |
26 |
22 |
18 |
|
100 метрге жүгіру (сек) |
17,8 |
18,4 |
19,2 |
|
1000 метрге жүгіру (мин.сек) |
4,40 |
4,55 |
5,30 |
Сырғымалы жүгіру 10х10 метр (ерлер үшін)
|
25 жасқа дейін секунд, секунд бөлігі
|
25-30 жас аралығы секунд, секунд бөлігі
|
30-35 жас аралығы секунд, секунд бөлігі |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
|
23.5 |
25.0 |
25.5 |
Өте жақсы |
|
24.0 |
25.5 |
26.0 |
|
|
24.5 |
26.0 |
26.5 |
Жақсы |
|
25.0 |
26.5 |
27.0 |
|
|
25.5 |
27.0 |
27.5 |
|
|
26.0 |
27.5 |
28.0 |
|
|
26.5 |
28.0 |
29.0 |
Қанағаттанарлық |
|
27.0 |
28.5 |
30.0 |
|
|
27.5 |
29.0 |
31.0 |
|
|
28.0 |
29.5 |
32.0 |
|
|
28.1 |
29.6 |
32.1 |
Қанағаттанғысыз |
|
28.2 және жоғары |
29.7 және жоғары |
32.2 және жоғары |
Сырғымалы жүгіру 10х10 метр (әйелдер үшін)
|
25 жасқа дейін секунд, секунд бөлігі
|
25-30 жас аралығы секунд, секунд бөлігі
|
30-35 жас аралығы секунд, секунд бөлігі |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
|
32.0 |
34.0 |
35.5 |
Өте жақсы |
|
33.0 |
34.5 |
36.0 |
|
|
33.5 |
35.0 |
36.5 |
Жақсы |
|
34.0 |
35.5 |
37.0 |
|
|
34.5 |
36.0 |
37.5 |
|
|
35.0 |
36.5 |
38.0 |
|
|
35.5 |
37.0 |
38.5 |
Қанағаттанарлық |
|
36.0 |
37.5 |
39.0 |
|
|
36.5 |
38.0 |
39.5 |
|
|
37.0 |
38.5 |
40.0 |
|
|
37.1 |
38.6 |
40.1 |
Қанағаттанғысыз |
|
37.2 және жоғары |
38.7 және жоғары |
40.2 және жоғары |
Берпи (ерлер үшін)
|
жас |
«өте жақсы» (саны) |
«жақсы» (саны) |
«қанағаттанарлық» (саны) |
«қанағаттанғысыз» (саны) |
|
|
1–топ үшін1 минут ішінде орындалады |
|||||
|
25-ке дейін |
30 және астам |
25-тен 29-ға дейін |
20-дан 24-ке деін |
20-дан кем |
|
|
2-топ үшін 1 минут 15 секунд ішінде орындалады |
|||||
|
25 – 30 аралығында |
30 және астам |
25-тен 29-ға дейін |
20-дан 24-ке деін |
20-дан кем |
|
|
3-топ үшін 1 минут 30 секунд ішінде орындалады |
|||||
|
30–35 аралығында |
30 және астам |
25-тен 29-ға дейін |
20-дан 24-ке деін |
20-дан кем |
|
Берпи (әйелдер үшін)
|
жас |
«өте жақсы» (саны) |
«жақсы» (саны) |
«қанағаттанарлық» (саны) |
«қанағаттанғысыз» (саны) |
|
1-топ үшін 1 минут 30 секунд ішінде орындалады |
||||
|
25-ке дейін |
30 және астам |
25-тен 29-ға дейін |
20-дан 24-ке деін |
20-дан кем |
|
3-топ үшін 2 минут ішінде орындалады |
||||
|
25 – 30 аралығында |
30 және астам |
25-тен 29-ға дейін |
20-дан 24-ке деін |
20-дан кем |
|
3-топ үшін 2 минут 15 секунд ішінде орындалады |
||||
|
30–35 аралығында |
30 және астам |
25-тен 29-ға дейін |
20-дан 24-ке деін |
20-дан кем |
Оқуға:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;
3) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
4) қызметке тұрар алдында бір жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
5) қызметке тұрар алдында үш жыл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
6) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған;
9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапшылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;
10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
11) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;
12) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы екенін атап өту қажет.
Оқуға зеределенетін кандидатқа мынадай талаптар белгіленеді:
1. жоғары білім оқу бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл):
- орта және ортадан кейінгі кәсіби білімінің болуы;
- қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.
2. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 6 айға дейін):
- жоғары білімнің болуы;
- ҰҚО-ға қызметке қабылданар кезде кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес) кем болмауы тиіс.
Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және меншік нысанына қарамастан ұйымдарында (мекемелерінде), Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі;
- қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.
Оқуға түсуге өтініш білдірген кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ кандидатқа және оның жақын туыстарына арнайы тексеру жүргізіледі.
Өтінішке мыналар қосымша ұсынылады:
- жалпы орта білімі туралы қосымшасымен бірге аттестат немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса орта білімнен кейінгі білім туралы қосымшасымен бірге диплом (көшірме);
- жоғары білім туралы диплом (көшірме), дипломға қосымша (көшірме) (транскрипт);
- жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
- туу туралы куәлік (көшірме);
- алты фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см);
- өмірбаян және сауалнама;
- әскери билет немесе тіркеу куәлігі (көшірме);
- жоғары білім бар кандидаттар үшін еңбек жолын растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасының ҰҚК Академиясына оқуға түсуге мыналар құқылы[1]:
- Жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл) орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар;
- Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес) жасы он сегiзге толған, бірақ «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары.
[1] ҰҚК сұранысына байланысты ҰҚК Академиясының базасында шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін іріктеу іс-шаралары өткізіледі
ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай оқу бағдарламалары бойынша жүргізеді:
- Жоғары білім бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі;
- Қосымша білім бағдарламасы бойынша, қайта даярлау курстары (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес).
Сонымен қатар оқу орнында Комитеттің қызметкерлері үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту бар.
ҰҚК Академиясына және ҰҚК Шекара академиясына түсуге тілек білдірген кандидаттар оқуға түсетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін тұрғылықты жерлері немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді қай тілде тапсыратындығын және қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.
Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді:
- жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау);
- саясаттану бойынша білімдерін тексеру;
- дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу);
- кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау;
- медициналық куәландыру.
Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді.
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.
Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады:
- өз қолымен толтырылған сауалнама;
- өз қолымен толтырылған өмірбаян;
- қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде:
- жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты);
- туу туралы куәлік;
- неке қию туралы куәлік;
- жалпы орта білімі туралы аттестат;
- техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса қосымшасымен ортадан кейінгі білімі туралы диплом;
- жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшасы (транскрип);
- әскери билет не болмаса тіркеу куәлігі;
- еңбек кітапшасы не болмаса еңбек жолын растайтын құжаттар;
- 9х12 көлемдегі үш дана және 3,5×4,5 көлемдегі алты дана фотосурет (бас киімсіз);
- жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi,апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) және зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының құжаттары.
Іріктеу кезінде кандидат:
- кадрлар бөлімшесінде әңгімелесуден;
- заңнамаларды, мемлекеттік тілді жәнекомпьютерлік сауаттылық деңгейін тексеру бойыншатестілеуден;
- жоспарланып отырған қызмет бағыты бойынша заңнамаларды білуге компьютерлік тестілеуден;
- қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеуден;
- өзіне, жақын туыстарына (ата-аналарына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алынған балаларына, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне, қарындастарына, аталарына, әжелерiне, немерелерiне) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарына арнайы тексеруден өтеді.
Бірінші кезеңнен өткеннен соң кандидат нақты бос лауазымға тағайындалу үшін конкурсты хабарлауды күтеді.