Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің бас маманы, (2 бірлік), С-О-5 санаты, №25-24-07-02 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2024 ж. 11 наурызға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), №25-24-07-03, «А»
Медициналық бақылау комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Биотехнология
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды, Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына, құрамында этил спирті бар дәрілік заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.erbolatova@dsm.gov.kz
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс
-
8(7172) 74-10-13