Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 07 қыркүйекке дейін)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Шымкент қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқықтану
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім: тіс емдеу, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, жалпы медицина, терапия, жалпы дәрігерлік практика, кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы, ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы, аллергология және иммунология, соның ішінде балалар, гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы, гематология (ересектер), пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы, эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы, нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы, фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы, кәсіби патология, жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар аурулары, дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы, невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы, балалар психиатриясы, медициналық реабилитология, соның ішінде балалар медициналық реабилитологиясы, сәулелік диагностика, сәулелік терапия, функционалдық диагностика, клиникалық Зертханалық диагностика, спорттық медицина, гериатрия, клиникалық фармокология, анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар, жалпы хирургия, кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы, ангиохирургия, оның ішінде балалар ангиохирургиясы, нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы, жақ-бет хирургиясы, соның ішінде балалар хирургиясы, пластикалық хирургия, балалар хирургиясы, травмотология-ортопедия, соның ішінде балалар травмотологиясы, урология және андрология, соның ішінде балалар, офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы, оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы, патологиялық анатомия, оның ішінде балалар анатомиясы, трансфузиология, токсикология, соның ішінде балалар токсикологиясы, педиатрия, неонатология, акушерлік және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы, медициналық генетика, стоматология, соның ішінде балалар стоматологиясы, сот-медициналық сараптама, төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы, денсаулық сақтау менеджменті, балалар онкологиясы және гематологиясы, медицина, гигиена және эпидемиология, шыны және ситаллдардың химиялық технологиясы, акушерлік іс, экология және табиғатты қорғау қызметі, санитария, гигиена, эпидемиология, медициналық-биологиялық іс, емдеу ісі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Медициналық қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша медициналық қызметтегі нысандарға әдістемелік көмек көрсету , кеңес беру, сұрақларға жауап беру;
Бөлімнің жоспарлы шараларын, басшылықтың тапсырмасын орындау;
"Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету.
3.5. "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету.
Өз құзыры шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау;
Азаматтардың мүддесін және құқығын қорғауды, сақтауды қамтамасыз ету;
Бөлімнің құжаттардың сақталуын, дер кезінде ведомствовалық мұрағатқа өткізу, бөлімнің істер номенклатурасын әзірлеу;
Бөлімнің ұйымдастыру жұмыстарын орындау және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
Өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заң бұзушылық фактілерін Департамент басшылығына хабардар етіп отыру;
Лауазымдық міндеттерін жеткілікті деңгейде орындау үшін өз кәсіби деңгейін үнемі көтеру;
Бөлім қызметкерлері уақытша болмаған кезде бір-бірін ауыстыру тәртібін сақтау;
Заңмен қорғалатын мемлекеттік және өзгеде құпияларды сақтау, сонымен қатар қызмет барысында белгілі болған азаматтардың ар-намысына, жеке өміріне қатысты мәліметтерді жарияламау;
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жаңа Заңнамаларға сәйкес мәліметтерді, «Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру және қайтарып алу, соның ішінде маман сертификатын тұрақты мерзімге берілуі» және «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау» туралы бұйрықтарды Департаменттің сайтына уақытылы тіркеу;
Бөлімнің бекітілген есеп-ақпараттарды дайындау(Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" ,"Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру", "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу" туралы есебін айсайын, жарты жылдық және жылдық жасақтау);
Е-лицензиялау базасында табылған кемшіліктер бойынша АКТ түзу;
Бекітілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын орындау;
Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді қабылдау;
Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
Бөлім іс-құаттарының кіріс-шығыстар бойынша және номенклатураға сәйкес ұқыпты сақталуын орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.06.2022
- город Шымкент, проспект Тауке хана 82
-
8(7252) 53-50-27 Шымкент қаласы бойынша МФБКД персоналды басқару қызметы