Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Фармация

Функционалды міндеттер

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.  

Құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.

Өз құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келісі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсордың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру.  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасынының Заңына белгіленген тәртіппен Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру.   Тиісті фармацевтикалық практика сәйкестігіне фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу.

Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

Жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындаған кезде немесе Департаменттің лауазымды тұлғалары берген қаулының ұйғарымы кезінде сотқа жүгінуге құқығы бар.

Құзыреті шегінде жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету. Аналитикалық материалдар мен есептерді дайындау.  

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыңайналысы саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.

Дәрілік заттар мен медициналық  бұйымдардың өтініштері саласындағы бағдарламаларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.

Заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде және Департаменттің ережесінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.11.2021 – 03.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.11.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. 2-ші Кирпичная көшесі, 6/1 құрылыс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152)70-80-01