ҚР ДСМ МФБК Маңғыстау облысы бойынша департаменті фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы
ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
Маңғыстау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; денсаулық сақтау саласындағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; өз құзыреті шегінде рұқсаттар бақылауын жүзеге асыру; Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ байланысты емес трансплантациялау мақсатында адамның биологиялық материалдарынан, қан түзетін дің жасушаларынан, сүйек кемігінен, донорлық лимфоциттерден Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету туралы қорытынды (рұқсаттар) беру , жыныс жасушалары мен эмбриондар; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау, денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлері; Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың импортын (экспортын) үйлестіреді; фармацевтикалық тексеруді жүзеге асырады; құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; жалған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жолын кесу жөніндегі шараларды іске асыру; құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту Стратегиясын, заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу; есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы этил спиртінің айналымы, зияткерлік меншік қауіпсіздігі мен тауарлар маркасын қорғау және тіркелген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сапасы жөніндегі мәселелерді үйлестіру; бақыланатын мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқалар өткізуге қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тікелей басшының тапсырмасымен басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 23 ғимарат
-
Маулетова Актолкын Онербековна 8778-170-22-94