Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті РММ медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік. (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 01.03.2022 жылға дейін)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Медициналық қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізуді мемлекеттік бақылауды іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қозғау. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Салалық бағдарламаларды іске асыруға мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды, емделушінің құқығы мәселелері бойынша халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Өз құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жүгіністерін қарастыру. Жетекшілік етіп отырған мәселелері бойынша семинарлардың, конференциялардың, алқалардың өткізілуін ұйымдастыру және қатысу. Атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.09.2021
- Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше №16 ғимарат, А-корпусы 3-қабат, №375 бөлме
-
8(725)33-7-10-53, 87479030189