Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің бас маманы, категория C-O-5, 2-02-03 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 06.02.2024 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медико-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе емдеу ісі)

Функционалды міндеттер

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде медициналық қызмет сапасын тексеру. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізу. Емдеу мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың орындалуын және медициналық қызмет көрсеткенге лицензияның бар немесе жоқтығын бақылау. Жоспардан тыс тексеруге тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыру. Жоспардан тыс тексеруге барысында қателіктер анықталса, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес хаттама толтырып айыппұл салу. Қателіктер анықталған жағдайда құқық қорғау мекемелеріне жоспардан тыс тексеру қорытындысын жіберу. Ана өлімі бойынша медициналық қызмет сапасын тексеру. Құзыреті шегінде, рұқсаттық бақылауын және аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу.  Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.09.2021 – 09.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63

Анықтама алу үшін байланыс

273-44-10