Медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Қосымша талаптар

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Төтенше жағдайға байланысты бақылаушылар байқау комиссиясының отырысына онлайн режимінде қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен сұхбаттасу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидатта техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу; денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; жоспардан тыс тексерулерге және медициналық құжаттаманы сараптауға тәуелсіз сарапшыларды тарту мониторингі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен жоспардан тыс бақылау, профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері бойынша әкімшілік істерді қозғау және әкімшілік іс жүргізудің қысқартылған тәртібін қолдану; халық арасында және БАҚ-та резонанс тудырған жағдайларға жедел жауап беру; ана өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылау; ана мен бала өлімін азайту жөніндегі штабтың жұмысына қатысу; жоспардан тыс тексерулер нәтижелеріне мониторинг және талдау; Денсаулық сақтау субъектілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне шағым жасаған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; өлім-жітімді зерделеу жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысу. Профилактикалық бақылау және қадағалау бойынша маңыздылығы жоғары Денсаулық сақтау субъектілеріне тексерулер жүргізу бойынша Департаменттің қызметін ұйымдастыру. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұрау салулар бойынша ақпарат дайындау.

Профилактикалық бақылау және қадағалау бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, рұқсат беру (лицензиядан кейінгі) бақылау жүргізу;

Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.04.2021 – 26.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Уральск, ул. Д.Нурпейсовой 19

Анықтама алу үшін байланыс

8/7112/51-04-37