Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің бас маманы
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті
Павлодар облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
санитария, гигиена және эпидемиология
Функционалды міндеттер
Лауазымдық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мен жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болу; Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; Жеке және заңды тұлғалардың медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау, оларды талдау. Азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек деңгейіне қанағаттану дәрежесін анықтау. Тәуелсіз сарапшыларды жоспардан тыс тексерулерге тарту; Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша денсаулық сақтау субъектілері деректерінің есебін әзірлеу; Тексеру нәтижелеріне және ұйғарымдардың орындалуына құзыреті шегінде талдау жүргізу; Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыру мәселелерін шешу; Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат беру рәсімдерінің лицензиялауын жүзеге асыру және хабарламаларды қабылдау. Белгіленген тәртіппен басшылыққа хаттар әзірлеу және өз құзыреті шегінде ұсыныстар беру; Тексеру нәтижелері бойынша деректердің тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге міндеттерді атқару. Тексерулерді тіркеу, тексеру нәтижелері туралы актілерді жасау, денсаулық сақтау субъектілеріне тексеру нәтижелері бойынша заңнама мен ҚР басқа да НҚА бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымды беру, ұйғарымдардың орындалуын бақылау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.04.2021
- г.Павлодар, ул.Лермонтова 59 н.п.64
-
554416