Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Өз құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келісі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсордың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасынының Заңына белгіленген тәртіппен Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру.
Тиісті фармацевтикалық практика сәйкестігіне фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау. Жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындаған кезде немесе Департаменттің лауазымды тұлғалары берген қаулының ұйғарымы кезінде сотқа жүгінуге құқығы бар.
Құзыреті шегінде жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету. Аналитикалық материалдар мен есептерді дайындау.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыңайналысы саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өтініштері саласындағы бағдарламаларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
Заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде және Департаменттің ережесінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.01.2021
- СҚО Петропавл қ. Нұрсұлтан Назарбаев к. 236
-
8 (7152)520440, 87712193370