Медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Медициналық қызмет көрсету саласында, сондай-ақ сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптаманы жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау. Денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Емделуші құқығы мәселесі бойынша халық арасында түсіндірмелік жұмыстар, салалық бағдарламаларды іске асыру мониторингі бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарларды, конференцияларды, алқаларды өткізуді ұйымдастыру және оған қатысу. Нормативтік құқықтық және директивтік құжаттардың, азаматтардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін уақтылы орындау, шағымдарды қарауға қатысу, есептерді дайындау, материалдарды жиынтықтау. Медициналық ұйымның қатысуымен, жабдықтаушылар мен денсаулық сақтаудың аймақтық органдары арасында жасалған шарттың шартына кіретін және лицензиямен анықталған түрлері бойынша медициналық көмектің сапасына сараптама және бақылау жүргізу. Көрсетілген медициналық көмектің денсаулық сақтау облысында өкілетті органмен бекітілген, медициналық құжаттамаларды үйрену, пациенттердің медициналық көмектің және медициналық қызметтердің деңгейімен және сапасымен қанағаттандырылуын үйрену негізіндегі медициналық стандарттарға сәйкестігін анықтау. Сараптама нәтижесі бойынша медициналық көмектің сапасының жағдайын талдау және бағалау.
Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.02.2021
- СҚО Петропавл қаласы Нұрсултан Назарбаев к. 236
-
8 (7152)520440, 87712193370